"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы білім бөлімі Молодежное ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Молодежное отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні

 Елімнің атын айтсам - Қазақстан,

Жерімнің атын айтсам – Қазақстан.

Қойнауы қазынаңа толған мекен,

Байлығым атын айтсам – Қазақстан.

 

              16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні. Бұл мереке біздің мемлекетіміздің бостандығы мен егемендігінің  белгісі  болып саналады.  Ата - бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, өз Отанын сүюге, еліне, халқына қызмет етуге жас ұрпақты тәрбиелеу. Еліміздің тәуелсіздігін атап өту  қарсаңында , ел тарихына шолу жасау. Жас ұрпақты тәуелсіз еліміздің жетістіктерімен таныстырып, білгендерін тереңдету.  

            Молодежный  орта мектебінде 8-15 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Мектеп оқушылары іс-шараларды дайындауға және өткізуге белсенді қатысты.

 Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай барлық сыныптарда «Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбына сынып сағаттары өткізілді. Бұл тақырыптың өзектілігі жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімді, Отанға және туған жерге деген сүйіспеншілік пен  мақтаныш сезімін  арттыру.

  Мектеп тек қана білім емес, сонымен қатарт тәрбие мен мәдениеттің  маңызды ошағы   болып табылады, өйткені балалар көп уақытын мектепте өткізеді. Сондықтан мектептер, өз елінің патриот  азаматтарын  қалыптастырудың басты орны.

Тарих пәнінің  мұғалімдері, оқушыларға   тәуелсіз Қазақстан туралы бейнефильм көрсету арқылы еліміздің тарихына шолу жасады. Қазақ халқы көптеген ғасырлар бойы тәуелсіздік пен егемендік үшін күресуге мәжбүр болды. Дамудың жаңа жолына түскен Қазақстан  ежелден келе жатқан армандарын жүзеге асырды. Халық алғаш рет мәдениетін, тілін, сенімін, діні мен салт- дәстүрін дамыту мүмкіндігіне ие болды. Бүгінде республиканың әрбір азаматы өзінің тәуелсіздігін мақтан тұтады. Еліміздің тәуелсіздігі  үзіліп қалған  ұлттық бостандықты қалпына келтірген қазақ  халқының үлкен жетістігі. Оқушылардың ой-өрісін кеңейту мақсатында сынып жетекшілері оқушыларымен бірге «Менің үйім, менің тағдырым, менің Қазақстаным»  тақырыбында викторина өткізді.Оқушылар туған жерінің ұлы тұлғаларын, тарихын, табиғатын, мәдениеті мен  әдебиеті жайлы өз білімдерін ортаға салды.

Содай-ақ мектеп кітапханасында «Күн шуағы, менің Қазақстаным», «Тәуелсіздігіміздің шежіресі» атты көрме  ұйымдастырылып, оған еліміздің Көшбасшысына, оның шығармашылығына арналған кітаптар, сондай-ақ Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы туралы кітаптар қойылып,оқырмандар назарына ұсынылды:

Көркем еңбек  мұғалімдері «Тәуелсіз Қазақстан - балалар көзімен» тақырыбында суреттер  көрмесін ұйымдастырды. Қазақстанда жүзден астам ұлт пен ұлыс біртұтас отбасы болып өмір сүреді. Әр түрлі ұлттардың өкілдерін біріктіретін бір-ақ нәрсе: біз - Қазақстан халқымыз. Қазақстан - әр түрлі мәдениеттері мен діндері бар бірегей мемлекет. Информатика пәнінің мұғалімі Безлуцкий Д.В  мектеп оқушыларымен «Қазақстандағы Код сағаты» атты сабақ өткізді. Қазақстан «Код сағатына» қосылды - бұл жастарды информатика мен бағдарламалауды оқуға тартуға бағытталған әлемдік қозғалыс. Қазақстандағы цифрлық технологиялардың дамуы жас ұрпаққа тікелей байланысты және  Код сағаты сияқты акциялар мектеп оқушыларының технологиялық сауаттылығын арттырып қана қоймай, оларды болашақ инновациялық жобаларға тартуға көмектеседі деген сенімдеміз.

  Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі күніне орай республикалық «Жас Ұлан», «Жас Қыран»  балалар мен жасөспірімдер ұйымына  қабылдау рәсімі өтті.  «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік құндылықтар, гуманизм, толеранттылық пен демократия, білімге  талмай талпыну, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдық негізінде қазақстандық патриоттарды тәрбиелейді.

    Біз жас «Жас Ұлан» мен «Жас Қыран»  ұйымының мүшелеріне, Отанымыздың мақтанышы болуын тілейміз!

   Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай, мектебіміздің  шахмат  клубының жетекшісі Айдар Аманжол 4-7 сынып оқушылары арасында мектепішілік шахмат турнирін өткізді.  Барлық қатысушылар белсенділік танытты..1-орынды 7 «А» сынып оқушысы Саяхат Қырмызы  иеленді.

Қазақстан халқын, осы айтулы мерекемен құттықтаймыз!

Баршаңызға бейбітшілік, жақсылық, амандық, Отанымыз гүлдеп, өркендей берсін!

 

               Молодежный орта мектебінің тәрбие ісінің меңгерушісі: Инкарова Б.А.

Жаңартылған күні: 21.12.2020 15:41
Құрылған күні: 21.12.2020 15:41

Текст