"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы білім бөлімі Молодежное ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Молодежное отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Карантиндік және жазғы демалыс кезеңінде кәмелетке толмағандардың суицидтік мінез-құлығын алдын-алу шараларын жүзеге асыру Алгоритмі

uҚазіргі уақытта жасөспірімдердің суицидалды әрекеттерін алдын алуға бағытталған дәстүрлі шаралармен қатар, жасөспірімдердің, педагог-психологтарының, сынып жетекшілерінің және кураторларының оқу орындарынан қашықта болуына байланысты қосымша шаралар қабылдау қажеттілігі туындап отыр. Көптеген ғылыми әдістерге шолу жасау кезінде қашықтағы форматта тиімді деп танылатын және өзінің экологиялық, әрі терапевтілігімен ерекшеленетін екі әдіс таңдалды.
Бұл жерде экологиялық дегеніміз басқалардың немесе жасөспірімнің өзі өкінетін салдарға алып келмейтін әрекеттерді білдіреді. Терапиялық әдістер эссе жазу барысында жасөспірімнің уайым-қайғыларын реттеуге, ішкі ресурстарының ашылуына және сол арқылы өз өзіне көмектесе алуына бағытталған. Нәтижесінде, келесі шаралар таңдалып, оларды жүзеге асыру ұсынылады:
1. Мына тақырыпта эссе жазу: «Менің ең жақсы күнім» немесе «Менің ең жаман күнім» тақырыбында 7-11 сынып оқушылары мен колледждердегі  кәмелет жасына толмаған студенттерге эссе жазып беруін сұрау. Бұл шара жасөспірімдерге эссе арқылы өз сезімдеріне ішінара жауап таба алуына көмектеседі, сонымен қатар педагог-психологқа эмоционалдық қиындықта жүрген балаларды анықтауға мүмкіндік береді.
2.WhatsApp немесе арнайы сайттар арқылы психологиялық кеңесті онлайн  түрде алу мүмкіндігі туралы ата-аналарға хабарлау. Бұл шара ата-аналарға психологиялық көмек көрсетуге, эмоционалды және мінез-құлық проблемалары бар балалармен конструктивті диалог орнатуға көмектеседі.
1-ші қадам
Мектеп пен колледждердің директоры карантиндік және демалыс кезеңінде жасөспірімдердің суицидтік мінез-құлқының алдын алу шараларын түсіндіру мақсатында сынып жетекшілерімен, кураторлармен және педагог-психологтарымен онлайн-жиналыс өткізеді.
2-ші қадам
Облыстық  әдістемелік кабинеті «Bilim foundation» Қоғамдық қорының үйлестірушісімен бірлесе отырып, оқушылардың эсселерін өңдеу процесін және ата-аналармен онлайн-психологиялық кеңес жүргізу тәртібін түсіндіру мақсатында мектеп пен колледждердің педагог-психологтары үшін онлайн-кездесу ұйымдастырады.
3-ші қадам
- 7-11 сынып оқушылары мен колледждің кәмелетке толмаған студенттері үшін эссе жазуға арналған тақырыптар мен ұсыныстарды;
- психологтың онлайн консультацияларын алу мүмкіндігі туралы ата-аналарға үндеуді сынып жетекшілері, кураторлар қол жетімді электронды құралдар арқылы жібереді.
Бір аптадан кешіктірмей сынып жетекшілері мен кураторлары электронды түрде мектеп оқушылары/студенттер жазған эссені жинайды және оларды электронды пошта арқылы мектеп пен колледждің педагог-психологына жібереді.
4-ші қадам
Мектеп пен колледж педагог-психологы студенттердің эсселерін алып, нұсқаулыққа сәйкес өңдейді (2-қосымша). Эссені өңдеуді аяқтағаннан кейін педагог-психолог психологиялық жағдайына ата-ананың тарапынан да, педагог-психологтың тарапынан да назар аударатын қатысушылардың тізімін жасайды. Сынып жетекшілері, кураторлар арқылы педагог-психолог осы жасөспірімдермен байланыс орнатып, оларға психологиялық қолдау көрсетеді.
5-ші қадам
Мектеп пен колледж педагог-психологы іс-шараларды аяқтау бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына жиынтық ақпарат дайындайды (4-қосымша). Әрі қарай бұл ақпаратты тәрбие ісі жөніндегі орынбасары мектеп пен колледж директорымен келісілгеннен кейін Облыстық  әдістемелік кабинетіне жібереді.
 
Жаңартылған күні: 17.05.2020 16:04
Құрылған күні: 17.05.2020 16:04

Текст