"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы білім бөлімі Молодежное ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Молодежное отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Кел, кітаппен дос болайық!

Кел, кітаппен дос болайық!

«Айгөлек» шағын орталығының  «Балдырған»  және  «Еркетай» топтарының арсында 2 сәуір Халықаралық балалар кітабы күніне орай «Кел, кітаппен дос болайық!» атты  кітапхана  әлеміне саяхат жасалды.

Іс –шараның  мақсаты: Ертегі  арқылы балаларымызды адамгершілікке, мейрімділікке, адалдық пен еңбек  сүйгіштікке, мәнерлеп сөйлеуге баулу,шығармашылық  қабілетін дамыту.

Ертегілердің кейіпкерлері  туралы балалар өз ойларынмен бөлісті. Шараға қатысқан балалар ертегі кейіпкерлерінен үзінді  көрсетіп, «Мақта қыз бен мысық», «Бауырсақ», «Шалқан», «Қызыл телпеқ», «Жеті лақ» ертегілері дауыстап оқытылды.

Дүниедегі білімнің қайнар көзі кітапта екенін ұғындыру және түсіндіру.Ертегі кейіпкерлеріне сипаттама беру арқылы достыққа, татулыққа, шыншылдыққа, батылдыққа, көмектесуге тәрбиелеу.

Кітапханашы апайымыз Эльмирa Өтемісқызы әрбір кітаптың өз ерекшелігі бар екенін бүлдіршіндерге кең көлемде әңгімелеп берді.

Балаларға кітапханаға саяхат өте ұнады.Кітапханашы апай бүлдіршіндерге жылы лебізін  білдірді. Өздеріне қызықты болған ертегі кейіпкерлерінің дауыс мен қимылын қайталады.Балалар қызықты ойындыр ойнады. «Ұшты-ұшты», «Ойлан тап», «Кім жылдам».Сұрақ –жауап арқылы қандай ертегілерді білетіндері тексерілді.

Молодежный орта мектебі «Айгөлек»шағын орталығы  «Еркетай»тобының

тәрбиешісі  Омирзак Ботакоз

 

Жаңартылған күні: 15.04.2019 13:48
Құрылған күні: 15.04.2019 13:48

Текст