"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы білім бөлімі Молодежное ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Молодежное отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

кәсіптік бағдар 11 "а" сынып

/public/files/2020/5/14/140520_111935_null.pptx

Тәрбие сағатының тақырыбы: Мамандық – өмір таңдауы.

 

Мақсаты:

 оқушыларға болашақ мамандық және оқу бағдарын таңдауда көмектесу, мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту;

 оқушылардың өмір туралы, мамандықтар туралы көзқарасын дамыту, алдағы уақытта мамандық таңдауда дұрыс жолда болуына себепкер болу, таңдаған мамандығының өз бейімділігі мен қабілетіне сәйкес келуін нақтылау, өз - өзін танудың жалпы әзірлігін қалыптастыру

 мамандық таңдау мәселесін белсенді арттыру, мамандық әлемі туралы ақпарат алу арқылы және өзін тану шекарасын кеңейту арқылы мамандық бағытын таңдауда жауапты шешім қалыптастыру.

Міндеті:

Мамандықтарды талдай және таңдай білуге үйрету;

Оқушыны өзінің қабілетін, бейімін, қызығушылығын мамандыққа сай тани білуге үйрету;

Оқушылардың бағдары мен құндылықтары туралы мәлімет беру;

Оқушылардың құптап отырған мамандықтарына бағыт беру.

 

Атақты ғұлама Әл – Фараби айтқандай

Ісім оңсын десеңіз,

Сол істің маманы болыңыз.

Даңқым шықсын десеңіз,

Көпшіліктің адамы болыңыз.

Оқушыларға кәсіби бағдар беру және болашақ мамандығын анықтап алуға ықпал жасау мектеп алдында тұрған міндеттердің бірі. Адамның болашағы мамандықпен тығыз байланысты болғандықтан, кәсіби бағдар беру – адам болашағына көптен-көп пайдасын тигізеді деп ойлаймыз.

Мамандық таңдау - тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау.. Бұл өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Сондай - ақ өз мамандығының 10 - 20 жылға дейін өз сұранысын жоғалтпауына көңіл бөледі.

Әлемде 50 мыңға жуық мамандық бар екен және жыл сайын оған 500 - ге тарта жаңа түрі қосылып отырады екен. Олардың ішінен өзімізге қажеттісін қалай таңдауға болады? Біз олардың қаншасы туралы білеміз? Мамандық таңдауда нені бағдар ретінде алуға болады? «Мектеп бітіргеннен кейін кім боласың?» деген сұрақтарға мектеп оқушыларының көбісі нақты жауап бере алмайды.

Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.

.  «Мұғалім  мамандығы – барлық  мамандықтың  анасы»  деп  қалай  дәл  тауып  айтқан. Ұстаз  алдынан  тәрбие  алмайтын  жан  жоқ. Ұстаз  берген  тәрбие  әрбір  жанның  өміріне  жол  сілтер  шамшырақ  болары  анық.Ғылым  иесі  ғалым  да,  ел  қорғаған  батыр  да, тілінен  бал  тамған ақын  да,  тегеуріні   темір   балқытқан   жұмысшы  да, егін  салған диқан да, мал  бағып   терін   төккен  шопан  да, көк  күмбезінен  әрі  өткен ғарышкер  де  бәрі — бәрі  ұстаздан  білім,  тәлім  алған,  сондықтан ұлағатты  ұстаздарға  бүкіл  адам баласы  құрметпен  бас  иеді. Оқушыларымен ауылдық аурухана меңгерушісі Ержанова Гүлнар Жексенбайқызымен және Әділбек Жәрдембекпен кездесіп әңгімелесуді жөн көрдік. Кездесу барысында оқушылар ақ халатты абзал жандардың жұмыстарының қыр-сырын сұрап, көңілдегі сауалдарын  қойып, тиесілі жауаптарын алды. Гүлнар Жексенбайқызы осы салада көптеген жылдар бойы адал қызмет атқарып келеді. Әр науқастың көңіліне дауа, еміне шипа іздеген адамдардың бірі. Науқасқа жылы сөзде үлкен әсер етеді, сондықтан қабылдауға келген науқаспен қарым-қатынас жағдайының болғаны өте маңызды.

Мұнда медициналық қызметкер науқастың көзіне тік қарап, оған назарын аударғанын көрсетеді.Сіз айтар жайттар уайымдар тек осы жерде ,екеуміздің арамызда қалатыны туралы,мен сізге конфенденциалдықты сақтайтыным туралы кепілдік беремін-деп қайталап,ескертіп отырам.Науқасты тиімді түрде емдеу, науқастың ауруына қаншалықты көңіл бөлсеңіз, оның күйзелістеріне де соншалықты мән беруді талап етеді. Науқасқа бағытталған әдіс ауруға және науқастың өз ауруына деген күйзелістерін   өлшеуге негізделген. Өздерімен не болғаны жөніндегі ойлары, Ауруға қатысты қорқыныштары қиындықтарының науқасқа деген әсері жасалатын әрекетке байланысты, олардың үміттері.Науқасты тұтас тұлға ретінде түсіну.Уақыт өте келе дәрігерлер өздерінің науқастары жөнінде, оның отбасы, жұмысы, сенімдері мен көзқарастары, қиындықтары жөнінде жақынырақ біле бастайды. Науқас тұлғасын түсіну, әсіресе айтылған симптомдардың нақты бір ауруды білдірмейтін, сипаттамайтын жағдайда, дәрігердің науқаспен қарым-қатынасын жеңілдетеді.Алдын-алу және денсаулықты нығайту шараларын жоспарлау. Бұл дәрігерлік тәжірибе философиясына жан-жақты және үнемі көмек талап ететін жағдай. Эмоционалды тұрақты түрде денені және жалпы ағзаны нығайту мақсатында дәрігерлер мен науқастар денсаулықты мұқият қадағалап отырады. «Дәрігер-науқас» қарым-қатынасын жақсарту.

 

Дәрігерлер әрбір науқаспен жағымды, әрі тұрақты қарым-қатынас орнатуға тырысады.Шынайы болу.Дәрігерлер өз уақытын дұрыс жоспарлап, пайдалана алуы тиіс

 Сонымен қатар, өз мүмкіндігінің шегін дұрыс бағалай ала білуі қажет.

 

Келесі  саяхатымыз аспазшылар орны асхана болды. Мұнда «Ас адаммның – арқауы» демекші, мектебіміздің аспазы Бакешева Гүлнар Байтасқызымен кездестік.  Әрине тәтті ас мәзірін дайындау ол да оңай шаруа емес. Ондағы тағамның құрамын, құнарлығын және сақтау мерзімін білу қажет. Тамақ өнеркәсібінде тағы маңыздылардың бірі санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау. Адамдардың тамақ ішкеннен кейінгі ризашылық көңіл-күйлері сенің жұмысыңның нәтижесі болып саналады. Әр мамандықтың өзіндік қиындықтары мен қызықтары бар. Егер таңдаған мамандығыңды шын көңілмен жақсы көрсең, барлығы да жақсы болады деп ойлаймын.

Тағамның дәмді болуы , адамның көңіл-күйіне де байланысты. Негізінен қыз баларға қараганда ,ер балалар тағамды дәмді даярлайды екен. Адам қанша өмір сүрсе ,сонша уақыт тамақтанады.Сол себепті    тамақ ол ешқашан ескірмейді және жойылып кетпейді үнемі сұраныста болады. Аспаз мамандығы адам баласына қажет мамандықтардың бірі деп ойлаймын. Сен қалада бол,ауылда бол бұл мамандық бойынша жұмыс таба аласың, жұмыссыз қаламын деп ойламайсың. Болашақта өз кәсібіңді ашуға да, зор мүмкіндігің болады.


Сонымен қатар мектеп жылу орталығында болып, оның да жай күйін, жауапкершілігін,маңыздылығын сұрастырып білдік.

 

 

Жылу жүйесінде қызмет атқару білімді, жауапкершілікті талап етеді. Қазіргі уақытта заман талабына сай қондырғылар орналастырылған.Сол қондырғылар арқылы  жылу температурасын, қысымын, ылғалдылығын үнемі қадағалап отыру қажет. Ақауларды байқаған сәтте уақытылы жөндеу жұмыстарын жасап отыру қажет.  Сонымен қатар бұл жұмыс саласында  техникалық қауіпсіздік шараларын сақтау.

Бұл салада талай жылдар қызмет етіп келе жатқан  майталман от жағушы, осы саланы кеңінен меңгерген, өз ісінің  маманы Тетейхан Жексенбектің айтуы бойынша  адамға жылу сыйлау ,бұл бақыт деп өз сөзін аяқтады.

 «Адам өз өмірінде екі нәрсені таңдауда қателеспеуі керек: біреуі – жар таңдау, екіншісі – мамандық таңдау» деп М. Мақатаев атамыз айтқандай, мамандық таңдау – жасөспірім кездегі адам өміріндегі ең маңызды шешімдердің бірі. Бүгін біздер өз қабілеттерімізге қарай мамандық пен бағдар таңдауда алғышарт жасадық. Бүгінгі кездесуге келген қонақтарымызға рахметімізді айта отырып, кешіміз сіздердің болашақта қай бағдарда оқитындарыңызды, өз қызығушылықтарың мен қабілеттеріңе сәйкес келетін мамандықты анықтауға, кейбіреулеріңізге өз таңдауларыңызды жасауға үлкен септігі тиді деп ойлаймын.

Абай атамыз айтқандай «болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды сүйсеңіз. Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз» дегендей алға ұмтылып арманымызға жетіп, мамандық иесі болайық.

Егеменді еліміздің ертеңі — маман иелері болуларыңызға тілектестігімді білдіремін!

 

 

 

 

 

Жаңартылған күні: 14.05.2020 11:25
Құрылған күні: 18.05.2020 11:17

Текст