"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы білім бөлімі Молодежное ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Молодежное отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Кәсіптік бағдар

2019-2020  оқу жылы

5 «А» сынып  оқушыларына  кәсіптік  бағдар  беру  есебі.

Жалпы  бұл  сыныпта  7  оқушы  оқиды. Оқу  үлгерімдері  жақсы.

Оқушылармен  әркез  жұмыс  жүргізіліп  отырылады.

Биылғы  оқу  жылы  бойында 

13.11.19 күні «Мамандық және мемлекет болашағының бір тұтастығы»  атты  сынып  сағатын және

19.02.20  «Мамандықтар әлемі»  атты  тәрбие  сағаттары  өткізілді.

Сонымен  қатар “Психогеометриялық тест” арқылы  оқушылардың  қандай

мамандыққа  жақын  екенін анықтау,  әр оқушының  өз  ойларымен  танысу  туралы  пікірталастар  өткізілді.

Сондай –ақсынып  жетекшілік  ретінде бос уақыттарымызда

Мамандық дегенімізді қалай түсінесіздер?
Әлемде 50 мыңға жуық мамандық бар екен және жыл сайын оған 500 - ге тарта жаңатүрі қосылып отырады екен. Олардың ішінен өзімізге қажеттісін қалай таңдауға болады?

Біз олардың қаншасы туралы білеміз?

Мамандық таңдауда нені бағдар ретінде алуға болады?

«Мектеп бітіргеннен кейін кім боласың?»

Жалпы мамандық таңдау қажет пе?

 Әлде мектеп бітірген соң бұйырған оқу орнынатүсе салармын деген пікір дұрыс па? деген сұрақтарға  оқушылардың  пікірін  үнемі тыңдап  отырдым.

КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУДІҢ  ҚҰРЫЛЫМЫ:

Болашақ мамандықты әр түрлі оқу орындарынан алуға мүмкіндік бар.

Оның негізгі түрлері:

 Бастауыш кәсіптік білім: профессионалды лицеилер, кәсіптік мектептер

Бұл оқу орындарында жұмысшы мамандықтарын даярлайды.

  Арнаулы орта білім: техникумдар, колледждер. Бұл оқу орындарына жалпы орта, орта және бастауыш кәсіптік білім алуға болады.

 Жоғары кәсіптік білім:  ЖОО- ры (институттар, университеттер, академиялар).

Бұл оқу орындарына орта біліммен және арнаулы орта білімнен кейін түсуге болады.

Еліміздегі ЖОО жайлы айта кетер болсақ, статистика агенттігінің мәліметі бойынша қазір елімізде 148 ЖОО орны бар 

Елімізде айрықща мәртебесі бар мемлекеттік жоғарғы оқу орындар(ұлттық):

Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті(Алматы),

Қазақ ұлттық аграрлық университеті (Алматы)

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы)

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті. (Алматы)

Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Астана)

Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті. (Алматы) осындай  мағлұматтармен  танытыру.

 

 

Сынып  жетекшісі: Тетейхан А.

Жаңартылған күні: 14.05.2020 11:13
Құрылған күні: 14.05.2020 11:13

Текст