"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы білім бөлімі Молодежное ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Молодежное отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Зеренді ауданының киелі жерлерге саяхат

21.06.2019 ж. біздің мектептің оқушылары Зерендідегі «Мади» үйіне яғни,  ашық аспан астындағы  мұражайға барып қайтты.  Бұл мұражай өзінің әсемдігімен ерекше құрылыстарымен көздің жауын алады. Мұражай біздің тарихымыздан, мадениетімізден көп сыр шертеді. Және де оқушылар бұл мұражайдың авторымен танысу мүмкіндігіне ие болды. Себебі, мұражайдың әрбір бөлшегі автордың өз қолымен жасалған. Оқушылар үшін бұл өте қызықты да тартымды кездесу болды.

  

 

        

 

 

 

 

 

 

 

 

Сапарымыздың келесі аялдамасында біз Бөгенбай би ауылындағы  «Бөгебай би» кесенесіне келіп тоқтадық. Сонау жаугершілік заманда өмір сүрген Абылылай ханның қол астындағы атақты би, қолбасшы, әулие Бөгенбай бидің рухына бағышталып тұрғызылған бұл кесененің орны бөлек. Себебі, бұндай жерлер біздің тарихымыздан сыр шертіп қана қоймай, оқушылардың бойында ұлттық  рух пен ұлттық сананы  қалыптастыратыны сөзсіз.

  

 

     

 

 

Саяхатымыздың соңына таман біз Ұялыдағы «Әулие бұлақ» деген жерге келдік. Бұл жердің табиғаты өте керемет, өзінің әсемдігімен көздің жауын алады.. Бұлаққа жету үшін орман арасымен  4 км жерді  жаяу жүріп өту керек. Бұндай серуен оқушылардың денсаулығы үшін өте пайдалы болды. Бұлақтың суы өте  мөлдір әрі тұнық. Кейбір деректерге сенсек емдік қасиеті де жоқ емес. Оқушыларымызға осындай әсем де көркем  жерлерді көруге мүмкіндік беріп, қолдау көрсеткен  Зеренді ауданының білім басқармасының меңгерушісі Уаисов Ж.О ға алғысымызды білдіреміз.

      

 

                    М

Жаңартылған күні: 08.08.2019 22:37
Құрылған күні: 08.08.2019 22:37

Текст