3 мауысым -«Достық күні»

Бүгінгі күніміздің тақырыбы :  «Достық күні». Достық адамдардың ең алдымен бір-біріне сенуінен басталады. Ол артқан сайын, достық та қатая түседі. Достық-бұл өмірдегі еш нәрсемен бағаланбайтын құндылық. Ең берік достық  балалық шақта қалыптасатыны белгілі. Осыған байланысты достық тақырыбын ашу үшін балаларға достық туралы  мультфильмді көруге тапсырма берілді. Сонымен қатар «Пушкинге барамыз, көп ертегі табамыз» тақырыбында кішігірім мәлімет беріліп, Пушкиннің  ертегілері оқылды. Және де «Ертегілерге саяхат» атты викторина өткізілді. Балалар үлкен қызығушылықпен  суреттер арқылы ергелерді атады.