"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы білім бөлімі Молодежное ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Молодежное отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тіл – тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз

Тіл – ұлттың жаны,  рухы, оның бейнесі, өткені мен болашағы.  Қазақ халқының ғұлама ғалымы, шәкірттерді оқуға  шақырған ұстазымыз Ахмет Байтұрсынұлы  «Сөзі жоғалған елдің, жұрты жоғалған»  деп тілдің халықтың өмір сүруіне, тарихи алар орнына, оның ұлт статусын сақтауына қаншалықты маңызды екенін айтып кеткен. Сондықтан, тілді біздің атадан балаға беріліп келе жатқан мұрамыз деп айтуға болады. Тіл - бұл біздің  бүгініміз бен ертеңіміздің айқын көрінісі іспеттес.  Бізге жеткен қасиетті тілімізді қастерлеу,  оның сырына үңіле отырып, дұрыс қолдану бізге қойылған бүгінгі талап болса, осы арқылы халқымыздың тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін  таныта отырып келешек ұрпаққа жеткізу – міндетіміз. 
Біздер, қазіргі жастар, қазақ тілінің бай мұраларын, сөздік қорындағы қазынадан да хабардар болуымыз керек деп ойлаймын. Оны біліп қана қоймай, сырына үңіле отырып сауатты қолдана білуіміз керек. Қоғамымызда тілдің қадірін білмей, әсересе, жастар арасында «бөтен сөзбен сөз арасын былғайтындар» көп. Екеуара тілдесекенде тіліміз қасиетінен айырылатын болса, онда түгел мемлекетіміздегі тіл мәселесін қалай шешпекпіз. Нәтижесінде «тіл жоқ елдің – өзі жоқ» кейпіне түспесек екен.  Сондықтан да, тіл тағдырына деген алаңдаушылық біз бен сізден бастау алуы тиіс деп ойлаймын. 
Мен үшін де тілдің алар орны ерекше. Қастерлеймін, қадіріне жетемін тілімнің.  Сөз соңын Бауыржан Момышұлы атамыздың сөзімін аяқтағым келеді «Тіл тазалығы үшін күрес ешқашан толастамақ емес». Бұл жауапкершілік әр ұрпақтың жүрегінен орын алуы тиіс. 

 

Серікжан Мөлдір
Молодежный  орта мектебінің 
8-сынып оқушысы

Жаңартылған күні: 24.09.2020 20:38
Құрылған күні: 24.09.2020 20:38

Текст