"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы білім бөлімі Молодежное ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Молодежное отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

День единства народа Казахстана

БІРЛІК КҮНІ

 

 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні.   Бұл мереке елімізде 1996 жылдан бастап тойланып келеді.  Бүгінде әрбір ұлтқа салт-дәстүрін жаңғыртуға, мәдениеті мен әдебиетін дамытуға, тілінің жетілуіне қамқорлық көрсетілуде. Яғни, қазақ халқының даналығы, кеңдігі мен сыйластығы этностық тегіне қарамай, жаңа мемлекеттің барша азаматының ұйысуына ұйытқы болды.  Осының бәрі  Елбасының қоғамдағы азаматтық ынтымақтастық пен  ішкі саяси тұрақтылықты сақтау стратегиясын дұрыс таңдап,  ұлтаралық қатынастарды реттеудің тиімді тетіктерін жасай білуінде. 

Көптеген халықтардың ортақ шаңырағына айналған Қазақстан бейбітшілік пен келісім арқылы әлемге үлгілік жолды нұсқап келеді. Қиындыққа тап болған кезде көмекке мұқтаж кез келген ұлт өкілдерін бауырына басты. Бұл тарихтан да белгілі.  Бөтенсің, жатсың, бөлексің демеді. Керісінше, адамдықты бірінші орынға қойды.

Осы орайда қазақтың «Бірлік болмай, тірлік болмас» деген мақалы әсте жай айтылмаса керек.  Бір бағытта, бір мақсатта, бейбіт күн үшін жасалатын ең басты қимыл-әрекет – бірлік пен ынтымақ. Мұны әр қазақстандық азамат білуі керек деп ойлаймын.

 

Рахметова Адина

Молодежное ауылының ЖОББМ

6-сынып оқушысы

Жаңартылған күні: 04.05.2021 10:11
Құрылған күні: 05.05.2021 16:01

Текст