2.06.2020жылы біздің мектеп алды лагерде гүлдер күні!
Бүгін 2.06.2020жылы біздің мектеп алды лагерде гүлдер күні! Гүлдер- бұл табиғаттың бір бөлшегі, бізді қоршаға әлем, гүлдер-қуаныш, әдемілік туралы ойлауға бірден-бір себепкерлер және де адамдар арасындағы қарым-қатынас құралы. Біздің бүгінгі күніміз «Өз өзіңе көмектес» атты онлайн тренингтен басталды.Содан кейін мектебіміздің оқушылары ауласына отырғызған гүлдерін аса бір ұқыптылықпен, мейірімділікпен күтіп баптады, оларға су құйды. Сонымен қатар, бірнеше оқушы өз қолдарымен жасаған гүл композициясын жіберді. Бүгінгі күнімізде балалардың бойында эстетикалық сезім мен жағымды көңіл-күй қалыптасты.






