"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы білім бөлімі Молодежное ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Молодежное отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

КӨПТҮРЛІЛІКТЕГІ БІР ТҰТАСТЫҚ

КӨПТҮРЛІЛІКТЕГІ БІР ТҰТАСТЫҚ

 

Қазақстантанда атаулы мерекелердің бір – Қазақстан халықтарының бірлігі күні.  Ел бірлігі – ең асыл қасиеттердің бірі. Біз бірлікті «қасиетті ту» деп көкке көтеруіміз керек. 

Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана  ырысы мен табысы мол болмақ. Бүгінде бірлік пен татулықты ту етіп, бір шаңырақтың астында 130-дан астам ұлт өкілдері тұрып жатыр. Бір-бірінің мәдениетін, атадан-бабаға мирас болып қалған салт-дәстүрін,  ұлттық қадір-қасиетін биік деңгейде бағалайды, сыйластық танытып, құрмет көрсетеді. Осы ұлт өкілдерімен араласып түсінісуіміз, достығымыздың жарасуы, қиын қыстау кезеңде қол ұшын беріп, тереземіз тең, керегеміз кең бір шаңырақтың астында өмір сүруіміз – біздің еліміздің  ең басты байлығымыз болып табылады.

Ұлт татулығының айғағы ретінде 2008 жылдың 20 қаңтарында  Тұңғыш Президентіміз «Қазақстан халқы Ассамблеясы» туралы заңға қол қойды. Бұл заңның негізгі мақсаты – Қазақстандағы түрлі этнос өкілдерін ортақ мақсатқа жұмылдыра отырып, ауызбіршілікті, ынтымақты, тұтастықты сақтау.  Ассамблеяның қызметі, міне, он жылдан астам уақыт толастар емес. Осылайша, елдің татулығы мен тыныштығын ең басты назарға қойып отыр.

Қазақстан халқы біртұтас, бірлігі мызғымас кемел елге  айналды, айнала да бермек. Ол, әрине, біздің қолда. Мектеп қабырғасынан басталған ұлтаралық татулық – тұтас   мемлекет тыныштығының кепілі. Сондықтан ынтымағымыз бен бірлігіміздің сақталуына қазірден, мектеп қабырғасынан, өзіміздің үлесімізді қосуымыз керек.

 

Бауыржан Ботагөз

Молодежное ауылының ЖОББМ

8-сынып оқушысы

 

 

Жаңартылған күні: 04.05.2021 10:22
Құрылған күні: 05.05.2021 16:21

Текст