"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы білім бөлімі Молодежное ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Молодежное отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Менің Президентім!


Халқының қамын ойлаған,
Тұңғиық терең ойлы адам,
Егемен елдің ұйытқысы,
Нұрсұлтандай елағам.

Ел тыныштығы мен болашақтың қамы үшін қызмет еткен Елбасымыздың ерен еңбектерін айтуға сөз жетес, сірә. Өзінің табандылығымен, қажырлы еңбегімен талай қиын белестерді бағындырып, шыңның төрінен орын алды. 
Елбасымыздың Қазақстанның жаңару жолындағы еңбектерін былайша саралауымызға болады: Елбасының қаулысымен 1993 жылы «Болашақ» халықаралық степендиялық бағдарлама туралы қаулысы қабылданды, ТМД, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Евразия одағы сияқты халықаралық құрылымдарды дүниеге әкелді, 2003 өзінің кезекті жолдауында «Мәдени» мұра» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруды қолға алды, 2010 жылы Қазақстан әлемнің ең ықпалды Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымға төрағалық қызметке кірісті, «Қазақстан-2030» стратегиясын ұсынып, ондағы басты бағыттарды қолға алды т.б. Бұдан да өзге ауыз толтыра айтарлық еңбектері қаншама?!
Еркіндікті ту етіп, елін, жерін жаудан қорғаған Абылай хан, Кенесары хан сынды хандарымыз, Бөлегенбай, Наурызбай, Исатай, Райымбектей батыр-бабаларымыздың бойындағы қайраты, намысы, ерік-жігері бүгінде  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бойынан көреміз. Себебі 30 жыл бойына тұтасымен бір елді, соның ішінде көп этностан құрағалған мемлекетті ауызбіршілік пен ынтымақтастықта басқарып отыру бір адамға жеңіл іс емес. 
Қорыта келе, бір отбасыны басқару, оның ынтымақта, берекеде ұстау дана қарияның,  мектеп ұжымындағы басты мәселенің шешімін орынды тауып, оқу процесіндегі үздіксіз өзгерістерді бақылап, мұғалімдердің дамуын қадағалау директордың, ауыл тіршілігінің гүлденіп, жергілікті тұрғындарының талап-тілегіне қажетінше дұрыс жауап беру әкімнің басты міндеті болса, еліміздің жарқын болашағы, іргеміздің сөгілмеуі, жәудір көз балапандардың тыныш ұйқысы әуелі Алланың, одан кейін дұрыс басқару жүйесін құра білген Елбасымыздың қолында. Осы жылдар ішінде алға қойған дұрыс бетбұрысынан таймай, еліміздің тыныштығын ойлаған Елбасымызға алғысым шексіз.   Әр  күні тек «бейбітшілік таңы» атсын, дамыған елдердің қатарына еніп, өркениетімізді, мәдениетімізді, тілімізді ұмытпай, оны болашаққа үлкен мәртебемен аманат етейік дегім келеді. 

Серікжан Мөлдір 
Зеренді ауданы әкімдігінің 
«Молодежный орта мектебі» КММ
 8-сынып оқушысы

Жаңартылған күні: 25.11.2020 11:42
Құрылған күні: 25.11.2020 11:42

Текст