"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы білім бөлімі Молодежное ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Молодежное отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

БІРЛІГІ ЖАРАСҚАН ҰЖЫМ

БІРЛІГІ  ЖАРАСҚАН  ҰЖЫМ

Молодежный орта мектебінің ұжымы бірлікте, ынтымақта бір адамдай еңбек етуде.

Ұжымымыздың 60%  жастар, ұжымның барлығы 100 % кәсіподақ  мүшесі.

2019-2020  жылғы ұжымдық келісім-шарт жасалған. Ұжымымызда жұмыс жасайтын барлық кәсіподоқ мүшелерімен еңбек шарты жасалған.

Кәсіподақ жұмысы  көп еңбекті және күнделікті  назарды талап етеді.

Мектеп әкімшілігі мен кәсіподақ бірлесе отырып, ұжымның жайлы жұмыс істеулеріне жағдай жасауда. Мектеп ұжымы бір адамдай бірігіп, көптеген жұмыстар атқардық.

Біздің  ұжым көп жылдан  бері қайырымдылықпен айналасып келеді.

Қиын кездерде көп адамдарға қол ұшын бердік.

Мектебіміздің түлегі Бекболат  Гүлдәуренге денсаулығына байланысты дәрі-дәрмек алып беруге бірнеше рет көмек көрсеттік.

Арыс қаласына бір күндік еңбек ақымызды аудардық. Зеренді ауданының  тұрғыны Елнұр Қанатұлына, Васильковка ауылында өрт шалған  Ярыгиндер отбасына, жуырда өзіміздің жерлесіміз Әділбек Гүлнурдың отбасына  қорасынан өрт шығуына байланысты  көмек көрсеттік.

 Биылғы жылы  мектебіміздің жастары волонтерлықпен айналысып жатыр. Жергілікті жалғыз басты қарт адамдарға қар күреу, су тасу т.б. жұмыстарды атқарып, қолдарынан келген көмектерін көрсетіп жатыр.  Ауылымыздың қарт әжелерін аналар күнімен құттықтады.

 Мүшелік жарнадан түскен қаражат кәсіподақ мүшелеріне материалдық көмек көрсетуге, ұжымдағы әріптестердің  мерейтойларын атап өтуге, өте белсенді  еңбек атқаратын кәсіподақ мүшелерін марапаттауға жұмсалады. Бұл – ұжымның  дәстүрлі жұмысы.

Біздің ұжым аудандық, облыстық іс-шараларға, байқауларға белсене қатысады. Мектебіміздің мұғалімі Блеухан Нұрбол     облыстық «Екі жұлдыз» байқауына қатысып жүлделі ІІ орын алды. Жастар командасы аудандық КВН-ге қатысты, аудандық спортакиада ойындарынан 2-орын алды.

 Мектептегі кез-келген мерекені  ұжым қызықты қарсы аламыз.

«Тәуелсіздік», «Жеңіс» күні мерекесінде ұжымымызбен хорға тұрып, патриоттық ән айту, бұл да біздің ұжымның дәстүрлі кезеңі деп айтуға болады.

Мектептің  жөндеу жұмыстарына, сенбілікке ұжым жиі шығып тұрады.

Ұжымның осындай ауызбірлікте, бір адамдай қызметтерін атқарып жатқаны мектебіміздің  тәжірибелі басшысы  Балгушукова Айслу Кульниязқызының еңбегі зор екендігін айта кету керек деп ойлаймын.

Зеренді аудандық кәсіподағы көптеген әріптестерімізге курорттық шипажайға емдеу жолдамаларын беріп, емделіп қайтты. Бұл  үшін Зеренді аудандық кәсіподағының  басшысы Дуйсенбекова Ботагөз Байназарқызына алғысымызды  білдіреміз. Келешекте біздің ұжымның үлкен жетістіктерге жетіп, биіктен көрінулеріне  үлкен сенімдемін.

                                                          «Молодежное ауылының ЖОББМ» КММ-нің кәсіподақ ұйымының төрағасы. Сакипова А.

 

 

Жаңартылған күні: 12.04.2021 12:16
Құрылған күні: 12.04.2021 12:35

Текст