"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы білім бөлімі Молодежное ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Молодежное отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының І жартжылдық бойынша атқарған жұмысы 2019-2020 оқу жылы

24.01.2020

«Адал Ұрпақ»  ерікті  мектеп  клубының

 І жартжылдық бойынша атқарған жұмысы

2019-2020 оқу жылы

 

«Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының негізгі міндеттері мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту бойынша бастамаларды көтермелеу,  сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы іс-шараларды ұйымдастыру болып табылады. Осындай міндеттерді негізге ала отырып, Молодежный  орта мектебінде акт залында «Адал ұрпақ- болашақ негізі» атты тақырыбында жиын өтті. Мектеп ұжымы мен 5-11 сынып оқушыларының қатысуымен өткен жиын мектепте аса өнегелі, жауапты бастамашыл және әлеуметтік құзырлы азаматты немесе патриотты қалыптастыру үшін жағдайлар жасау, заң аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатын көздеді. Жиын барысында ел тарихына шолу жасалып, мемлекеттік қызмет пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимылдар жайында бейнеролик көрсетілді. Еліміздің алдынғы дамыған елдер қатарына енуіне, мемлекетімізді өркендетуде болашақ ұрпаққа білім мен тәрбие бере отыра, оқушылардың биік жетістерге жететіндеріне сенім білдірді.

Мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту бойынша бастамаларды көтермелеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы 5-11 сынып оқушылары арасынан 17 оқушыдан тұратын «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубы құрылды. «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының жетекшісі Билеухан Н оқушыларды отансүйгіштікке,азаматтылыққа, дамның құқықтарына,бостандықтарына және мәіндеттеріне құрметті,адамгершілік сезімдер мен этикалық сананы, сыбайлас жемқорлыққа төзбеу мәдениетін,еңбексүйгіштікке,оқуға,өмірге жасампаздықпен қарауға тәрбиелеу мақсатында клуб мүшелерінің ұйытқы болуымен «Парасатты азамат» бұрышы жасалып, онда құнды ақпараттар жинақталды.Оқушылардың назарына адал еңбек ету керектігі, еңбек түбі-береке екені айтылып өтті. «Жемқорлық дегеніміз не?», «Жемқорлықтың қалай алдын алуға болады» сынды тақырыптарда әңгіме қозғады.Әр оқушы өз ойларын еркін жеткізіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы екендерін білдірді.

Оқу жылының басында Мектеп тәрбиелеушілік  жұмысы жоспарын, сынып жетекшілер жұмысының жоспары, «Адал ұрпақ» ерікті мектепішілік клубының жұмыс жоспарын бекітуге ұсынылды.

«Сыбайлас  - жемқорлықсыз болашақ» тақырыбында флешмоб өткізілді және де баска да іс-шаралар жоспар бойынша өткізілді.

 

                                                                                  Аға тәлімгер:    Билеухан Н

 



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 24.01.2020 13:04
Құрылған күні: 24.01.2020 14:14

Текст