"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы білім бөлімі Молодежное ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Молодежное отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ел басқарғаң- Елбасы

Қазақтан елінің ең тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев - Қазақстан елінің дамып, жетілуіне үлкен үлес қосқан адам. Нұрсұлтан Назарбаев өте ақылды, әділ, әр қадамын аңдып басатын мықты адам. 
Ол 1940 жылғы 6 шілдеде Алматы облысы Қаскелең ауданы Шамалған ауылында дүние есігін ашқан. Ал 1991 жылдың 1 желтоқсанында тұңғыш рет Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев - елбасы болып сайланған соң, қазақ халқы тәуелсіздік алды. Елбасы егемендігіміздің алғашқы күнінен бастап  ойлайтыны да, айтатыны да еліміздің тыныштығы мен бірлігін сақтап қалу болды. Бар уайымы-  халықты алаң күйге, бұлыңғыр болашаққа деген үрейге  ұрындырмау. Сол үшін де Елбасымыз аянбады, тыныш таппай нық қадам жасап, тәуекелдерге барды. Қазақстанның тәуелсіз алу жолында көптеген қиындықтардан өтті, қазақ халқын қолдап, көмек етті. 
Алай да Елбасымыз бұл қиындықтарды сабырлықпен, шыдамдықпен өтті. Осылайша, Елбасымыздың арқасында біз көп жетістіктерге қол жеткіздік. Өркениетіміз күннен-күнге көркейіп дамып келеді. Осы тұрғыда Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевқа деген халықтың ықыласы ерекше. Сол себепті де  қазақ халқы Елбасының еңбектерін елеп, ерлігін әспеттеуі өте орынды әрі дұрыс деп санаймын. 
Елбасымыздың ерен еңбегі мен  Тәуелсіз мемлекет екендігіміздің көрінісі бүгінде айқын көрінеді.  Қазір біз тегін білім алып, қалаған оқу орынға түсіп, шетелге барып, тәжірибе алмасып жүрміз.  Төбесі көк тіреген биік  ғимараттар, мектептер, оқу орындары, түрлі ойын-сауық орталықтары бой түзеп келеді.  Жері шұрайлы, ауасы таза еліміздің түкпір-түкпірінде демалуға арналған орындар бар. Атадан мұра болып қалған тарихи орындар да қазір көпшілік көзайымына айналып отыр. Асқақ мұраларымызды келешек ұрпаққа, яғни бізге, үлкен сеніммен тапсырды. Ал біздің міндет – осынау мұрамызға нұқсан тигізбей сақтау, ұмыт болмас үшін оларды ары қарай жандандыру, жаңғырту. 
Өзінің тынымсыз еңбегімен, батылдығымен талай белестерді бағындырған Елбасымызды мақтан етемін әрі онымен мақтанамын.  Табандылығы мен асқан білімдігін үлгі етемін өзіме. 

Сабитова Айдана
Зеренді ауданы әкімдігінің 
«Молодежный орта мектебі» КММ
 7-сынып оқушысы

Жаңартылған күні: 25.11.2020 11:41
Құрылған күні: 25.11.2020 11:41

Текст