"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы білім бөлімі Молодежное ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Молодежное отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ұстаз болу – абыройлы іс

 

 

Ұстаз болу – абыройлы іс

Ұстаз үшін шәкірт трбиелеу – қиыны мен қызығы мол, абыройлы іс. Білім жолымен қаншама шәкірттерді қолына жетелей жүріп, өмірге қадам бастыртатын да – ұстаз. Бұл жолда тынымсыз еңбек, толассыз ізденістен жалықпайтын жандар ғана нәтижелі табыстарға жете алады. «Шәкірт шәкірт емес, ұстазын сүймесе, Ұстаз ұстаз емес шәкірті үшін күймесе» — деген қазақтың ұлы педагогі Ы.Алтынсарин. Шәкірті үшін аянбай еңбек ететін ұстаз деп Сакипова Айман Белгібайқызын айтуға болады.  Осы қастерлі мамандықтың қадірін біліп, шәкірттерінің жүрегіне бар асыл қаиеттерін ұялатып, өн бойына ұстазға тән салмақтылық пен мәдениеттілікті сыйғыза білген Айман Белгібайқызы, міне, биыл 33 жыл ұрпақ санасына білім дәнін сіңіріп келеді.

Айман Белгібайқызы ұстаздық жолын 1979 жылы Ортақ орта мектебінен бастайды. 1994 жылдан қазіргі уақытқа дейін  Молодежный орта мектебінде  орыс сыныптарында қазақ тілі пәнінен сабақ беріп келеді.  Ұстазымыз үнемі ізденісте жүреді.Аудандық, обылыстық байқауларда өз ісінің хас шебері екендігін жылдар бойы дәлелдеп келеді. 2011-2012 оқу жылында  Абдуалиева  Жанар  аймақтық,  аудандық  олимпиадада   І орынды   иеленіп,  Көкшетау  Академиясының   грантын   жеңіп алды. 2013 жылы  Сунгатуллин  Ильгиз «Абай оқуларынан» II орын, 2017 жылы Попович Инна  Облыстық өзге ұлт өкілдерінің  оқушылар арасындағы шығармашылық конкурстың ІІ орын жеңімпазы. 2018 жылы Шарафуллина Ильмира қазақ тілі пәнінен аудандық олимпиадада ІІ орын иеленді, 2019 жылыШтаутынгер Виолета «Мемлекеттік тіл-менің тілім» атты аудандық байқауға қатысып, ІІ орын алды, 2020 жылы «Жарқын болашақ» аудандық қазақ тілі олимпиадасына қатысып ІІ орынға ие болды. Абыройлы атқарған еңбегі үшін ұстазымыздың қызыметі де үнемі еленіп, жоғары бағаланып отырды. 2017 жылы Ақмола облысы білім басқармасының алғыс хаты, аудандық «Білім бөлімінің» алғыс хаты,  2018 жылы аудандық білім қызметкерінің Кәсіподақ кеңесінің мадақтама грамотасы, 2019 жылы Көкшетау қаласының білім басқармасының Құрмет грамотасымен, 2020 жылы «Жарқын болашақ» аудандық қазақ тілі олимпиадасына оқушыны сапалы дайындағаны үшін білім бөлімінің алғыс хатымен марапатталды.

Кәсіподақ комитетінің төрағасы ретінде атқарған орасан еңбектері жайлы айтып  өтпеу мүмкін емес. Айман Белгібайқызы осы тізгінді қолға алған сәттен бастап ұжымымыз үнемі бірлікте, сыйластықта. Бұған дәлел, әрқашан мерейлі жасқа толған ұстаздарымыз бен қызметкерлерімізді елеусіз қалдырмай, өмірлеріндегі айтулы датамен құттықтап, оларға мерекелік көңіл күй сыйлайды. Бұл іс-шара қазіргі уақытта біздің мектебіміздің мызғымас дәстүріне айналған.

Ұстаздың тәлімі мен тағылымын бойына сіңірген қаншама шәкірт түлеп ұшып, арман мақсаттарына қол жеткізіп, еліміздің түкпір – түкпірінде халыққа қызмет етіп жүрген маман иегерлері. Жүрегі шәкірт деп соққан ұстаз отбасының ұйытқысы, аяулы жар, ардақты ана, қадірменді әже. Жұбайы екеуі бір қызбен екі ұл тәрбиелеп өсірген өнегелі отбасы. Талай шәкіртті өмір жолына қанат қақтырған ұстаз – қазіргі таңда өмір талабына сай көп ізденіп, шәкірттерінің бойына ізгі қасиеттерді дарытып жүр.Ұжымымыздағы жас мамандарға үнемі тәлімгерлік көрсетіп, қолынан келген көмегін аямайды. тұтамыз. Алла қаласа білікті маманымызжылдар бойына атқарған бейнетінің зейнетін көрер шағына жетіп отыр. Артынан ерген жас буынға Айман Белгібайқызының дара жолын берсін демекпіз. 

Жаңартылған күні: 28.02.2020 17:46
Құрылған күні: 28.02.2020 17:46

Текст