"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы білім бөлімі Молодежное ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Молодежное отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Көшбасшылық пен патриотизм

Көшбасшылық және патриотизм сабағы

Қазақстан Парламентінің 2011 жылы бекіткен Тұңғыш Президент Күнін тойлау қарсаңында Молодежный орта мектебінде ашық сабақ ұйымдастырылды. 5-11 сыныпқа қонақта біздің жерлесіміз, мектебіміздің түлегі, "Патриот.KZ" жалпыхалықтық қоғамдық қорының өкілі, Ауғаныстандағы соғыс қозғалысының ардагері Александр Иванович Аздравин болды.

 Патриоттық тәрбие туралы оқушыларға көптеген мағұлмат айтуға болады, дегенмен осындай кездесулер оларға көп әсерін тигізетіні сөзсіз.  Сабақ интерактивті жүйеде өтті: оқушылар мен қонағымызға Тұңғыш Президент туралы бейнефильм көрсетілді, өмірбаяны туралы сұрақтар қойылды,оқушылар мен қонағымыз бірлесе отырып жауап берген  «Патриот деген кім?»,  «Мемлекет көшбасшысы қандай қасиеттерге ие болу керек?» және т.б. сұрақтар қойылды.

Бұдан кейін Александр Иванович оқушылардың қойған сұрақтарына жауап берді. Сұрақтар мазмұны: ең алғашқы марапаты қандай болды, Ауғаныстанда соғыстан кейін барды ма, қызметтік уақыттарында қиындықтар болды ма, спорттың  қандай түрімен айналысты, бақыт деген не, ол өзін бақытты санай ма және тағы басқа көптеген қызықты сұрақтар қойылды.  Оқушылар өздерінің сұрақтарына  шынайы, толық әрі нақты жауап ала алды. Н.А.Аздравин  мектеп кезіндегі естеліктерімен бөлісті,  қоғамдық қор туралы, Ауғаныстанда қаза болған жерлестерінің тағдыры туралы білу үшін қаншама күрделі жұмыстар атқарғандығы туралы айтты.Қор ауған соғысы ардагерлеріне көмек көрсетеді, соғыста қаза тапқандарды еске алу күндерін ұйымдастырады, жақындары мен туғандарына көмектеседі.

 

Оқушылар қонағымызға арнап шағын  қойылым дайындады.

Ардагер мектеп музейінің экспозициясын аралады. Аталмыш кездесу ұмытылмас үшін естелік суретке түсті, 

Осы кездесуден ешкім де шет қалмады деп санаймыз, оқушылар да өздері үшін маңызды сабақ ала алды. 

 

Жаңартылған күні: 07.01.2020 15:58
Құрылған күні: 24.01.2020 10:24

Текст