"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы білім бөлімі Молодежное ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Молодежное отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектеп сабақтары 19 маусымға дейін

19.05.2021

Жазғы мектепте оқу үш аптадан астам уақытқа созылады. Сабаққа қатысуға ниет білдірген барлық оқушылар ерікті негізде тегін қатыса алады.

Қазақстанда мамыр айының соңында жазғы мектептер жұмыс істей бастайды, онда үлгерімі нашар оқушылар қашықтықтан оқыту нәтижесінде туындаған білімдегі олқылықтардың орнын толтыра алады, деп мәлімдеді Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

Сейсенбі күні аппараттық кеңесте сөз сөйлеген Аймағамбетов биылғы жылы барлық қазақстандық мектептерде оқу жылы дәстүрлі түрде 25 мамырда аяқталатынын айтты.

"Бұл ретте (26 мамырдан бастап) 19 маусымға дейін мектептерде жазғы мектеп ұйымдастырамыз. Негізінде, бұл ерікті сипатқа ие, бұл іс - шара қосымша қаржыландыруды қажет етпейді", - деді министр.
Ведомствоның ойынша, жазғы мектеп оқушыларға білімдегі олқылықтардың орнын толтыруға, ал олардың ата – аналарына балалардың жазғы демалысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Баланы жазғы мектепке қабылдау үшін ата-анасынан тиісті өтініш қажет.

 

 

Просмотров: 144


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст