"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы білім бөлімі Молодежное ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Молодежное отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Соңғы қоңырау 25 мамырда соғылады"

24.05.2021

Аттестаттарды тапсыру маусымның ортасына, сондай-ақ ашық ауада офлайн режимде жоспарланған.
Соңғы қоңырау рәсімі 25 мамырда санитарлық нормаларды сақтай отырып, өңірлердің бас санитарлық дәрігерлерімен келісім бойынша өткізіледі деп жоспарлануда. Соңғы қоңырауды өткізу форматы туралы шешімді әр мектеп өз бетінше қабылдайды. 9 және 11 сынып түлектері үшін мектеп аумағында ашық ауада салтанатты жиын өткізу ұсынылды.

"Соңғы қоңырау 25 мамырда дәстүрлі түрде 9 және 11 сынып түлектері үшін соғылады. Олар негізінен ағымдағы оқу жылының үшінші тоқсанынан бастап офлайн режимде оқытылды. Сондай-ақ, 25 мамырға арналған қатаң санитарлық талаптар мен басқа да іс – шаралар офлайн форматта өтеді деп жоспарлап отырмыз", - деп атап өтті ведомство басшысы Асхат Аймағамбетов ҚР БҒМ аппараттық кеңесінде.

Просмотров: 145


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст