"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы білім бөлімі Молодежное ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі  
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Молодежное отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"  

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектептерде БЖБ мен ТЖБ толық алынып тастала ма — министрлік жауабы

26.05.2026

Министрдің айтуынша, қазір Оқу-ағарту министрлігі БЖБ мен ТЖБ мәселелері бойынша үлкен аналитикалық жұмыс жүргізіп жатыр.

— БЖБ мен ТЖБ Қазақстан Республикасының білім беру стандартында қарастырылған критериалды бағалау жүйесі. Сондықтан біз стандартқа диктант, шығарма, мазмұндама секілді жеке бақылау жұмыстарын енгізіп жатырмыз. Сол себепті БЖБ мен ТЖБ-дан біртіндеп бас тартамыз деп ойлаймыз. Мұндай өзгерістерді енгізу үшін нақты негіздеме мен жан-жақты сараптама қажет, — деді министр.

Сонымен қатар спикер биыл Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім комитеті 2025–2026 оқу жылындағы 1–11 сыныптар бойынша тек БЖБ мен ТЖБ-ға қатысты талдау жүргізіп, тапсырмалар мен жауаптарды қарастырғанын атап өтті.

— Алайда кейбір жүйелер БЖБ мен ТЖБ жауаптарын жүктемейді. Сондықтан тамыз конференциясына дейін қай сыныптарда бұл жүйе сақталатынын, ал қай сыныптарда басқа бағалау түрімен алмастырылатынын нақты айтамыз, — деп толықтырды ведомство басшысы.

Бұған дейін педагог қызметін бағалау жүйесі жаңаратынын жазғанбыз. 

Просмотров: 21

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст