Текст
Бүгін Ұлттық валюта - теңге күні. 1997 жылы ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 15 қараша – төл валютамыздың туған күні әрі қаржыгерлер күні болып белгіленді.
Ұлттық валютаны теңге деп атауды ұсынған - Халықаралық Инженерлер академиясының академигі, Қазақстанның белгілі ғалымы, КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері, «Құрмет» орденінің иегері Сауық Тәкежанов еді.