Текст
25-қараша күні Қазақ қалалық үлгілі кітапханасында талантты жас ақын, мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Үсен Табысбектің "Жастықтың оты жалындап" атты кездесу кеші өтті. Кешке мектеп оқушылары мен ақындар қатысты. Мектебіміздің оқушылары да кеш қонағы болды. Жас ақынға сұрақтар қойылып, өлең жолдарынан үзінділер оқылды.