"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы білім бөлімі Молодежное ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Молодежное отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жазғы мектеп

16.05.2022

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Гүлмира Кәрімова жазғы мектептердің жұмысы қалай ұйымдастырылатыны туралы айтты.

Гүлмира Кәрімова оқу жылының дәстүр бойынша 25 мамырда аяқталатынын түсіндірді. Тиісті бұйрыққа Білім және ғылым министрі қол қойды. Осыдан кейін 9 және 11 сынып оқушылары емтихан тапсыра бастайды, ал қалған сынып оқушылары үшін 17 маусымға дейін жалғасатын жазғы мектеп ұйымдастырылады.

Жазғы мектеп – біліміңізді жетілдіруге және олқылықтарды толтыруға тамаша мүмкіндік. Пандемия білімге жақсы әсер етпегенін, ал мектеп оқушыларының білімін жоғалтқанын білеміз. Кейбір елдерде бұл мәселені шешу үшін оқу жылын ұзартады. Оқу жылын ұзартпай, жазғы мектеп ұйымдастырдық. Барлық оқушыларға жазғы мектепке баруға кеңес береміз, деді Гүлмира Кәрімова.

Просмотров: 231


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст