"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы білім бөлімі Молодежное ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Молодежное отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мемлекет басшысы Павлодарда Абай атындағы дарынды балаларға арналған гимназияға барды

07.10.2022

 

Президент Павлодар облысына жұмыс сапары аясында 85 жыл бұрын іргесі қаланған Абай атындағы дарынды балаларға арналған гимназияға барды.
Мектеп директоры Салтанат Шабажанова Қасым-Жомарт Тоқаевқа оқу орнының терең тарихы туралы ақпарат беріп, гимназияның жаңартылған кабинеттерін көрсетті.

Оқушылар мектеп кітапханасында Мемлекет басшысына Рамазан Тоқтаровтың шығармашылығы бойынша «Оқуға құштар мектеп» жобасын таныстырып, жазушының «Ертіс мұхитқа құяды» атты кітабын сыйға тартты.

Содан кейін Президент республикалық және халықаралық пән олипиадаларының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін дайындаған Павлодар облысының педагогтарымен әңгімелесті.

Қасым-Жомарт Тоқаев оларды Дүниежүзілік Ұстаз күнімен және қазақстандық педагогтардың өткен кәсіби мерекесімен, ал гимназия ұжымын мерейтойымен құттықтады.

– Мұғалім болу – ең абыройлы еңбек. Сонымен бірге бұл – өте жауапты жұмыс. Ұстаздық –  қасиетті қызмет десек те артық емес. Себебі әр шәкірттің тұлға болып қалыптасуында ұстаздың орны ерекше, – деді Мемлекет басшысы

Просмотров: 161


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст