"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы білім бөлімі Молодежное ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Молодежное отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақ тілі бойынша емтиханды 5-8 және 10 сынып оқушылары тапсырады

14.11.2022

"Қазақ тілі" пәні бойынша емтиханды 5-8, 10 сынып оқушылары тапсырады. Мұндай өзгерістер келесі 2023-2024 оқу жылынан бастап енгізіледі, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Бұрын қазақ тілінен емтиханды тек 9 және 11 сынып оқушылары тапсырған. Олар осы пән бойынша емтихан тапсыруды жалғастырады. Бұл ұсыныс Қазақ тілі мұғалімдерінің съезінде және білім министрінің қатысуымен өткен педагогтер қауымдастығы өкілдерінің кездесуінде айтылды. Қазақ тілі бойынша емтихан жазбаша және ауызша түрде өткізіледі. Тыңдау, сөйлеу, оқу, жазу сияқты дағдылар бағаланады. Емтихан тапсырмаларын педагогтер Академиялық адалдық қағидаттарын сақтай отырып өз бетінше жасайды", - деп хабарлады министрліктер.

Ведомствоның ақпараты бойынша, көрсетілген пән бойынша қорытынды бағалар 5-8, 10 сыныптарда емтихан және жылдық бағалау қорытындылары бойынша қойылады.

Просмотров: 152


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст