"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы білім бөлімі Молодежное ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Молодежное отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақстандық оқушылар АҚШ-та тегін оқи алады.

19.12.2022

Қазақстандық оқушылар АҚШ-та тегін оқи алады. Бұл FLEX білім беру бағдарламасы туралы. Осы және басқа да мәселелерді ҚР Білім министрі Асхат Аймағамбетов АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Дэниел Розенблюммен кездесу барысында талқылады, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА ҚР Білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тараптар сондай-ақ педагогтардың біліктілігін арттыру және мұғалімдерге арналған сертификаттар мен курстарды тану мәселелерін қарастырды.

"Елдеріміз арасында білім беру саласында өзара тиімді ынтымақтастық орнатылды, білім берудің барлық деңгейлері бойынша бірден бірнеше жоба іске асырылуда. Біз әртүрлі алмасу бағдарламаларын қолдаймыз, мысалы FLEX бойынша АҚШ мектептерінде 2000-нан астам оқушы оқыды. Ағылшын тілін дамыту бағдарламалары тиімді. Бағдарламаға қатысушылар біздің білім беру ұйымдарында ағылшын тілін үйретеді. Біз сондай-ақ STEM және инклюзивті білім беруді дамыту бойынша белсенді жұмыс істейміз. Осы бағыттар бойынша одан әрі ынтымақтастыққа сенемін", - деп атап өтті Білім министрі Асхат Аймағамбетов.

АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Дэниел Розенблюм ынтымақтастыққа дайын екенін білдіріп, екіжақты ынтымақтастықтың әлеуетін атап өтті.

"Өскелең ұрпақтың білімі-елдің болашағы. Бұл өте маңызды миссия. Сіз атап өткендей, біз көптеген жылдар бойы табысты жұмыс істеп келеміз. Біз одан әрі ынтымақтастыққа дайынбыз, атап айтқанда, Қазақстан мұғалімдерінің біліктілігін арттыру бағдарламалары бойынша", - деді АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Дэниел Розенблюм.

Сондай-ақ, кездесу аясында білім беру саласындағы ынтымақтастықтың басқа да мәселелері қаралды: педагогтердің біліктілігін арттыру, колледждерді дамыту, инклюзивті білім беру.

Кездесу барысында тараптар екі елдің мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы әріптестігін одан әрі нығайтуға және кеңейтуге қызығушылық білдірді.

Просмотров: 132


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст