Текст
«Алғыс айту- парызым» атты ашық тәрбие сағатын даярлық сыныбында өткізді. Сабақ қызықты да , тартымды өтті деуге болады. Оқушылар тақпақ айтып аналарына алғыс ретінде ән орындады. Кішкентай бүлдіршіндер алғыс айту мағынасын толық түсінді және ата-ана, әжелеріне аталарына, табиғат анаға, құстарға, ұстазға, достарына т.б алғыс айтты деуге болады. Оқушылар топпен жұмыс жасады.Мұғалім оқушыларға сабақты слайд арқылы көрсете отырып әр сөздің мағынасын түсіндірді. Бүлдіршіндер бұл сабаққа ерекше қызығушылықпен қатысты.
Молодежный орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ардан Жайнагуль