"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы білім бөлімі Молодежное ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Молодежное отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ ҒАНИ БЕЙСЕМБАЕВ ПЕН СЕНАТОР НҰРТӨРЕ ЖҮСІП БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ

24.01.2024

ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ ҒАНИ БЕЙСЕМБАЕВ ПЕН СЕНАТОР НҰРТӨРЕ ЖҮСІП БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ 🤝Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Нұртөре Жүсіппен кездесті. Тараптар білім беру жүйесінің өзекті мәселелерін, оның ішінде балалардың құқықтарын қорғау және мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік сапалы білім беруді қамтамасыз ету мәселелерін талқылады. 🗣️Нұртөре Жүсіп министрге Сенат басшылығы мен депутаттары буллингке, жасөспірімдер қылмысына, сондай-ақ оқушылар мен педагогтардың қауіпсіздігі мәселелеріне және басқаларға қатысты жағдайларға алаңдайтынын айтты. 🗯️Өз кезегінде Ғани Бейсембаев депутатты ведомствоның барлық деңгейінде оқушылардың сапалы білім алуына жағдай жасауға бағытталған жұмысы туралы хабардар етті.

«Балаларды тәрбиелеу, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқықтарды қорғау мәселелері — министрлік саясатының басым міндеттері. 2023 жылдың басында біздің алдымызда барлық оқу орындарын қауіпсіздік жүйелерімен барынша қамтамасыз ету міндеті тұрды. Бүгін біз барынша техникалық жарақтандыруға қол жеткіздік. Сонымен бірге НҚА мен бағдарламалар қабылданды. Бүгінде білім беру ұйымында ЖБО-мен тікелей байланысты бейнебақылау камераларын, дабыл түймелерін, турникеттерді және арнайы күзетті көруге болады. Техникалық жабдықтаудан басқа, қызметкерлер мен оқушылардың төтенше жағдайларға қатысты білімі мен дайындығы маңызды. Бұған бізге бейінді ведомстволардағы әріптестер көмектесті», - деп атап өтті Ғани Бейсембаев.

📥Сонымен қатар, өткен жылы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Оқу-ағарту министрлігі «Балаларды зорлық-зомбылықтан, суицидтің алдын алудан қорғау, олардың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз етудің 2023-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспарын» қабылдады. Білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысын күшейту үшін «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» әзірленіп, қабылданды. Сонымен қатар, бірқатар ведомствоаралық жобалар жүзеге асырылуда. Атап айтсақ, «Менің бауырым», «ДосболLIKE» және т. б.

Просмотров: 28


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст