"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы білім бөлімі Молодежное ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Молодежное отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Наурыз мейрамы

22.03.2024

Құрметті  әріптестер ! Сіздерді Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Наурыз мейрамы - Қазақ халқының ұлы мәдениеті мен бай салт-дәстүрінен бастау алған мереке ізгілік пен ынтымақ, татулық пен сыйластық сынды мәңгілік құндылықтардың жаршысы саналады.Жыл басы - Наурыз күн мен түннің теңелер шағы ғана емес, символдық мәні бар үлкен мереке саналады. Барлық бастаманы, ұлы істі ырымшыл халқымыз осы күні бастаған.
 Жақсылықтың жаршысы, бақыттың бастамасы, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған мейрам. Тамыры тереңге кеткен әз-Наурыз елдің береке-бірлігін бекемдейтін, еңсесі биік елдікті білдіретін, ырыс пен ынтымақтың мерекесі.
 Ақтың молаятын, Жарықтың ұзаратын, Нұрдың молығатын, Тіршіліктің жаңаратын, Өмірдің жаңғыратын, Пейілдің түзелетін, Көңілдің кеңейетін кезеңі - НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ ҚҰТТЫ БОЛСЫН !
Бұл мереке сіздерге шуақты күндер мен жағымды сәттер сыйласын. Шаңырақтарынызға құт-береке төгілсін, бейбiт күннің арайлы шуағы мейлiнше төгiле түссiн, отбасыларыңызға- амандық, денсаулық, ұзақ ғұмыр тiлеймiз! Ұлыс оң болсын, Ақ мол болсын!

Просмотров: 36


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст