"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы білім бөлімі Молодежное ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Молодежное отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде 13 мектеп Starlink желісіне қосылды

18.04.2024

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде сапалы білім беруді ұйымдастыру үшін жоғары жылдамдықтағы интернет тартылуда. Қазіргі уақытта Қостанай, Ақтөбе, Ұлытау және Шығыс Қазақстан облыстары бойынша 13 мектеп Starlink желісіне қосылды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады. Бұл туралы ҚР ОАМ ресми өкілі Мереке Амангелдіқызы ОКҚ алаңында өткен брифингте хабарлады.

Оның айтуынша, министрліктің бағынысты ұйымдары мен аумақтық департаментерінің 300-ден астам қызметкері балалардың оқу процесі мен сапалы демалысын ұйымдастыруда.

Педагогтерді қолдау мақсатында Атырау, Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарының мұғалімдерін аттестаттаудан өткізу мерзімін кейінге қалдыру туралы шешім қабылданды.
 

«Еліміздің 42 мектебінде Білім алушылардың жетістіктерін бағалау мониторингі жүргізілмейтін болды. Ақтөбе және Атырау облыстарының барлық білім алушылары үшін БЖБ мен ТЖБ өткізілмейді. Атап өту керек, әрбір жағдай бойынша шешім жергілікті атқарушы органдармен Оқу-ағарту министрлігінің хаттамасы негізінде қабылданады», - деді спикер.
Просмотров: 16


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст