Текст
Ұйымдар тізімі
30.05.2024
«Биыл біз Балаларды қорғау күні қарсаңында дәстүрлі түрде талантымен дараланған және шешуші сәтте батырлық танытқан балаларды жинадық. Мемлекетіміздің, халқымыздың, ата-аналарыңның үкілеген үміті өздерің. Бүгінде мемлекет балаларымыздың тәрбиеленуіне, білім алуына және дамуына қолайлы жағдай жасауда. Өңірлерде мектептер, балабақшалар, мәдени және спорттық нысандар құрылысы қарқынды жүруде, заңнамалық база жетілдірілуде, педагогтердің біліктілігі арттырылуда. Балалар - әрқашан біздің қорғауымызда. Тек білім алуға, биік белестерді бағындыруға және адал, әділ тұлға болуға ұмтылу керек, өйткені еліміздің болашағы сендердің қолдарыңда», - деп атап өтті Еділ Оспан.
«Ата-анам мен ұстаздарыма маған сіңірген тәрбиелері үшін алғысымыды білдіремін. Сондай-ақ мемлекетке және Президентімізге бізге артқан сенімі мен қолдауы үшін алғыс айтқым келеді», - дейді №31 мектеп-гимназиясының 7 сынып оқушысы Ақан Әкімжанов.

