Текст
ҚР білім жəне ғылым бөлімінің кəсіподақ мерекесінің қарсаңында Зеренді селосының Нұр Отан ғимаратында ардагер ұстаздар мен кəсіподақ көшбасшыларын аудан əкімінің орынбасары Райхан Қасымқызы мен кəсіподақ төрайымы Ботагөз Байназарқызы құрмет грамотасы жəне бағалы сыйлықтармен марапаттады. Молодежный орта мектебінің қазақ тілі мен əдебиетінің мұғалімі жəне кəсіподақ төрағасы Сакипова Айман Бельгибайқызы да білім беруде жеткен жетістіктері үшін марапатталғандардың қатарынан табылды. Мектеп директорымыз Балгушукова Айсулу Кульниязовна "Discovery Borovoe" жолдама алды.