"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы білім бөлімі Молодежное ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Молодежное отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

​​Қазақстандық мектептерде буллингке қарсы бағдарламаны іске асыру жалғасуда

29.08.2024

Оқу жылының басынан бастап еліміздің тоғыз өңірінде «ДосболLIKE» буллингке қарсы бағдарламасын апробациялау жалғасатын болады. Оған 70 мыңға жуық оқушы және білім беру ұйымдарының 5 мыңнан астам қызметкері қатысады.

«Пилоттық бағдарламаны жүзеге асыру үшін аймақтарды таңдау кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен аутодеструктивті мінез-құлық көрсеткіштерін ескере отырып жүргізілді. Бағдарламаны апробациялау барысында пилоттық мектептердің барлық қызметкерлері үшін мектеп ұжымдарында даулы жағдайлардың туындауына әсер ететін себептер мен факторлардың алдын алу және анықтау бойынша оқыту ұйымдастырылатын және практикалық іс-шаралар өткізілетін болады. Сондай-ақ, «ДосболLIKE» бағдарламасын іске асырудың міндеттері мен әдістерін түсіндіру бойынша оқушылар мен ата-аналарға арналған түрлі іс-шаралар қарастырылған», - деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова.

Айта кетейік, аталған жұмыс оқу жылының соңына дейін жалғасады, бұл бағдарламаның нәтижелілігін неғұрлым тиімді бағалауға және оны елдің білім беру ұйымдарында одан әрі енгізу үшін қажетті түзетулер енгізуге мүмкіндік береді.

 
Просмотров: 16


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст