Текст
28 желтоқсанда Ақмола, Қостанай, Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облыстарында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
Аймақтарда тұман, көктайғақ, қарлы боран болжанады.
Синоптиктер Нұр-Сұлтанда да қолайсыз ауа-райын күтеді. Мұнда дауылдың ықтималдығы 85-90% құрайды.
Ақмола облысында дауылдың ықтималдығы 85-90%, Қостанай, Ақтөбе және Солтүстік Қазақстанда - 90-95%.