"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы білім бөлімі Молодежное ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Молодежное отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Мектептің жүрегі – мұғалім»

Ғылым-білім, дүниеге көзқарас, мәдениет пен өркениеттің дамуына мол үлес қосып жүрген мұғалімдердің еңбегі зор екені баршаға аян. Ұстаздарға арналған атаулы күннің шығу тарихы да бар. Бұл күнге 1966 жылдың 5 қазанында Парижде өткен мұғалімдердің мәртебесі туралы арнайы үкіметаралық конференция тарихи негіз салды. Содан бастап 5 қазан – мұғалімдер, оқытушылар және білім саласында еңбек етіп жүрген барлық қызметкерлердің кәсіби мерекесіне айналды.

Кәсіби мерекені Молодежный орта мектебі де атап өтті. Қай кезде болсын, қазақ үлкендерін сыйлаған, қастерлеген, үлгі тұтқан. Сондықтан да болар біз де, бұл мерекені ардагер, майталман ұстаздарымыздан бастадық. Мектеп басшысы Балгушукова Айслу Кульниязқызы, кәсіподақ ұйымының төрайымы Сакипова Айман Белгібайқызы бастаған топ, мектебімізде талай жыл еңбек етіп, қаншама шәкірттеріне білім нәрін сусындатқан, тәлім тәрбие берген ұлағатты ұстаздарымызды құттықтаудан бастадық.Осы молодежный мектебінде орыс тілі және әдебиетінің еңбек сіңірген мұғалімі Нефедова Алефтина Степановна, бастауыш сынып мұғалімдері Дусенок Мария Петровна, Мукушева Балшекер Киясовна, математика пәнінің мұғалімі Шакимжанова Дина Алпыспаевна, талай жыл мектеп басшысы қызметін атқарған, педагог психолог Ахсанова Салима Анасовнаны кәсіби мерекелерімен құттықтадық. Бір мезет болса да, ардагерлеріміз өздерінің оқытқан шәкірттерін естеріне алып, олардың кейбір балалық қылықтарын әңгімелеп, жеткен жетістіктерін бағалап, өткен өмірлерін естеріне алды.Өмірдің өзі де ұстаз. Бірақ осынау «ұстаз» сөзінің астарында мыңдаған білім мен ғылым, махаббат пен сүйіспеншілік жатқанын байқай бермейміз. Ұстаз болу кез келгеннің қолынан келе бермейді. Шәкірт тәрбиелеу, оны биікке жетелу, қанаттандыру, жаны мен тәнін, болмысы мен барын беру тек ұстаздың қолынан келетін қасиеттер. Ардагер ұстаздарымызға зор денсаулық,ерен еңбектеріңіз жоғары бағаланып мақтан етерлік дегіміз келеді.

Қазіргі еліміздің санитарлық эпидемиологиялық жағдайын ескере отырып, өткізілген іс-шаралардың  барлығы онлайн түрінде өткізілді. Оқушылардың ұстаздарға арнаған бейне тілектері, мәнерлеп оқыған өлеңдері, салған суреттері жанға дауа болардай. 4б, 7-8б сыныптарының қабырға газеттері мен сыныпты мерекелік безендірулері ереше адамға көңіл-күй сыйлады.

Мамандық көп. Бірақ мамандықтың түрлі болғаны маңызды емес, қанша мамандық болса да сізді маман қылатын тағы да ұстаз. Мейлі сіз ғалым болыңыз, жұлдыз, тіпті беделді азамат, президент болып кетсеңіз де сізді осы өмірге жетелеген, осы шыңға жетуге себепші болған ұстазды ұмытуға қақыңыз жоқ. Оның еңбегін сыйлау, оған құрмет көрсету сол адамға деген сый-сияпат емес, сіздің тәрбиелі, тәлімді тұлға болғаныңыз. «Адамның адамшылдығы жақсы ұстаздан» деп Абай хәкім айтпақшы, әрбір ісіңіз жеңіске жетіп жатса, оның артында ұстаздың бір тамшы болса да еңбегі барын есте сақтаңыз. 

Молодежный орта мектебінің тәрбие ісінің меңгерушісі: Инкарова Б.А.

Жаңартылған күні: 07.10.2020 17:12
Құрылған күні: 07.10.2020 17:12

Текст