"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы білім бөлімі Молодежное ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Молодежное отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Кітапханашының жылдық жоспары

14.03.2019

Кітапханашы қызметінің міндеті:

  1. Оқырмандарға тез және сапалы қызмет көрсету.
  2. Кітап таңдау мақсатында оқырмандардың қызығушылығы мен сұранысына жүйелі көмек көрсету.
  3. Кітаптарға техникалық өңдеу жүргізу.
  4. Қорды ақтау мен орналастыруды ұйымдастыру.
  5. Каталог және карточка ұйымдастыру жұмысына қатысу.
  6. Кітап насихаттаумен шұғылдану.
  7. Өз жұмысына есеп жүргізу.
  8. Кітапханаға көмек көрсету үшін оқырман активін ұйымдастыру.

   Білуге тиіс:

  • жоғары ұйымның кітапхана жұмысы мен білім жөніндегі басшылыққа алатын материалдарын;
  • кітапханатануды;
  • кітапханатану жөніндегі ережеге сәйке кітапхана жұмысының негізгі мазмұнын;
  • тиісті типтегі кітапханаларға арналған кітапхана-библиография жіктеуінің кестесін;
  • кітапхана жұмысының технологиясын;
  • оқырмандармен, көпшілік және жеке жұмыс істеу нысандары мен әдістерін;
  • көркем әдебиетті ауызша және көрнекілікті насихаттауды;
  • қазақ, орыс және шетел әдебиетін;
  • еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өрттен қорғану ережесін;

Қызмет талаптары:

  • оқырмандарға құрметпен қарау;
  • оқырмандармен тіл табысу, оның талап-тілегін орындау;
  • оқырманның психологиялық негізін білу;
  • мәдениетті сөйлеу;
  • мұқияттылық, табандылық пен ұқыптылықты үнемі ұстану;

  Мектеп кітапханасы – мектептің бір бөлімі, сондықтан жылдық жоспардың басым бөлігі оқу – тәрбие жоспарына негізделеді. Кітапхана жұмысының қажеттілігі мен ерекшелігі, ол мектеп ұжымының барлық оқу жүйесіне қатысушыларына оқу бағдарламасының түрлерін, жаңа кітаптарды және басқа да ақпараттық материалдарды ұсынады. Қазіргі оқыту технологиялары арқылы әр- түрлі кітапханалық іс-шараларды өткізу негізінде оқушылардың кітапоқу қызметін қалыптастыра отырып, тілдерін дамыту арқылы білім сапасын арттыруға көмектесу. Оқырмандардың рухани құндылығы мен адами құндылығын мол етіп тәрбиелеу жолдарының  бірі –білімдік оқуға баулу. Кітап өз оқырманын жан- жақты тәрбиелеумен бірге танымдық, білімдік қасиетін дамытары анық. Ол үшін электронды, ақпараттық қорлардың жиналуын, сақталуын және тиімді қолданылуын қамтамасыз ету,кітапхана қорымен жұмыс жасата білу. Жыл  сайын кітапхана өзінің кітап қорын кеңейтуде, оқырмандардың сұраныстарын қанағаттандыратын көптеген ақпараттық басылымдарға жазылып, дәстүрлі «Кітап сыйлай білесің бе?» акция жұмысын жалғастырып, көркем әдебеттермен кітап қорын толықтыру. Жаңа кітаптарға, мерзімді басылымдарға тұрақты ақпарат күндерін өткізу.

Кітапхананың қазіргі алдына қойған мақсаты- жас оқырмандардың еліне, Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру. Ұлттық әдебиетімізді,мәдениетімізді насихаттау болып табылады.

         Осы мақсатты жүзеге асыруда кітапхана алдына қойған міндеттері:

  1. Оқырмандардың оқу бағдарламасында бекітілген және кітапхана орындауға міндетті білім беруді қолдап және жүзеге асыру, оқырмандармен  өзара байланысты жақсартуға тырысу.
  2. Ұрпағымызды ұлттық рухта тәрбиелеуде «Мәдени мұра» , «Өлкетану», «Қазақстан 2050», «Мемлекеттік тілді» дамытуға арналған бағдарламаларды насихаттау –қазіргі күннің уақыт талабы.
  3. Компьютерлік технологияларды енгізудің арқасында жаңа ақпараттар қоры қалыптастырылып, ауыл оқырмандарының ақпараттар көзіне қол жеткізуіне ықпал жасау.
  4. Кітапхананы қазіргі талапқа сай көркем безендіріп, оқырмандармен әр түрлі көпшілік, жеке және мерекелік күндерді атап өту сияқты жұмыстар жүргізу.
  5. Кітапхананның анықтама-библиографиялық құралдарымен жұмыс жасау тәсілдерін насихаттауда оқырмандарға белгіленген жұмыс жоспары бойынша ақпараттық шолу жұмыстарын жүргізу.
  6. Кітапханалық жұмыстардың есебін үнемі жүргізіп отыру.

Оқу жылындағы негізгі міндеттері:

  1. Кітап қорының жұмыс қалпын сақтап, кітаппен жұмыс сабақтарын өткізу;
  2. Оқырмандарды отандық және шетел әдебиетінің құндылықтарын ұғындыру;
  3. Жеке тұлғаны тәрбиелеуде оқушы дарынын жетілдіру  үшін  қосымша әдебиеттермен жұмыс жасау дағдыландыру;
  4. Кітапхана жұмысында мектеп әкімшілігі, ата-аналар қоғамы, мектеп педагогикалық ұжыммен бірлесе даму және қалыптасу концепсиясын құру;
  5. Ақпараттық жолмен оқырмандар назарына дәстүрлі емес кітап көрмелерін ұйымдастыру;
  6. Оқулықтарды күтіп ұстауға, жыл аяғына дейін жаксы дәрежеде өткізу үшін бақылау шараларын ұйымдастыру;
  7. Кітапхананың қоғамдық іс-шараларын мектептің алға қойған мақсаттарын сай жүргізу;
  8. Оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру,  санын көбейту, кітап айналымының санын көбейту;

Оқушылардың танымдық қабілеттері мен қызығушылығын кітап оқу арқылы дамыту;

Білім жүйесіндегі кітапхананың оқырмандарға қызметі:

  • Кітап қорын толықтыру.
  • Кітап қорының есебі.
  • Келіп түскен басылымдарды қабылдау.
  • Кітапхана қорынан шығарылатын кітаптар есебі.
  • Кітаптарды жіктеу, авторлық белгілерді анықтау, қормен жұмыс.
  • Оқырмандарға қызмет көрсету, жұмыс есебі.
  • Ақпараттық-библиографиялық жұмыс.

 

Кітапхана жұмысының негізгі бағыттары:

 

Оқырмандарды адамгершілікке, әдептілікке, елжандылыққа тәрбиелеу жұмыстары;

Еңбек және экономикалық тәрбие;

Экологиялық, өлкетану жұмыстарын жүзеге асыру;

Салауатты өмір салтын насихаттау;

Кітапхана активтерімен жұмыс;

Оқырмандарды кітапханаға тарту жұмысын ұйыдастыру;

Оқырмандар санын, кітап айналымының санын көбейту;

Оқу үрдісіне ақпараттық жәрдем беру;

Елбасының халқына арналған Жолдауларын насихаттау;

Атаулы күндерге арналған кітап көрмелерін ұйымдастырып, іс-шаралар өткізу;

ІІ. Кітап қорын толықтыру:

Жұмыстың атауы

Жұмыс көлемінің өлшемі

1

«Үзілісте кітап оқу», «Отбасымның сүйікті кітабы» (Акциялар өткізу)

Бір дана

2

Оқырман сұранысын орындау мақсатында аудан, кітапханаларымен жылжымалы кітап көрмелерін ұйымдастыру

Бір тапсырыс

3

«Ақпарат тынысы» (Мерзімді басылымдарға 2018 жылдың І,ІІ жарты жылдығына жазылу)

Бір тапсырыс

 

ІІІ. Кітап қорының есебі

Жұмыстың атауы

Жұмыс көлемінің өлшемі

1

Жаңа оқу жылында оқулықтарды ілеспе құжат арқылы тексеріп, саны мен құнын есептеу

Бір атау

2

 Жаңа талап бойынша жаңадан келген оқулықтарға инвентарлық номер қою

Бір атау

3

 Алынған кітаптарды әр ғылым саласына, мазмұнына қарай бөліп, жиынтық есеп кітабына жазу, 3-17 беттеріне мөр басу

Бір атаау

4

Электронды каталогқа арналған библиографиялық жазбаны түзу. Деректер базасына енгізу, тиісті жолдарын толықтыру

Бір жазба

5

Жалғаспалы басылымдарды электронды каталогқа қосып жазу

Бір жазба

6

Электронды кітапхана күнделігінің жұмысын жалғастырып, толықтыру

Бір жазба

7

Жаңадан түскен мерзімді басылымдарды картотекаға тіркеп, 3-17 бетке мөр басу

Бір атау

 

ІҮ. Кітапхана қорынан шығарылатын кітаптар есебі

Жұмыстың атауы

Жұмыс көлемінің өлшемі

1

Жоғалған кітаптардың, оқулықтардың орнына оқырмандардан қабылдаған  кітаптарды арнайы құжатқа толтырып, оқырманның қолын қойғызып, арнайы инвентарь кітабына белгі соғып, акті бойынша шығару

Бір құжат

2

Қалалық білім бөлімінің бұйрығы бойынша стандартқа сай келмейтін оқулықтардың актісін уақытында жасап қаржы бөліміне есеп беру

Бір акт

3

Шығыстан шығарылған кітаптарды мұғалімдердің сұранысы бойынша оқу кабинеттеріне таратып беру

Бір дана

4

Қалған бөліктерін макулатураға өткізіп арнайы берілген счетқа ақшасын салып түбіртегін сақтау

Бір дана

 

Ү. Кітаптарды жіктеу, авторлық белгілерді анықтау

Жұмыстың атауы

Жұмыс көлемінің өлшемі

1

Мерзімді басылымдарды реттік нөмірі бойынша орналастырып, тігіп отыру

Бір құжат

2

 Кітаптарды кітап сөрелеріне әр ғылым саласы бойынша орналастыру (жаңадан келген)

Бір құжат

3

Мақалаларды жүйеге алу картотекасын, жаңа басылымдар келгенде толтырып отыру

Бір атау

4

 Картотекаларды толықтырып отыру

Бір атау

 

ҮІ. Оқырмандарға қызмет көрсету

Жұмыстың атауы

Жұмыс көлемінің өлшемі

1

 «Кітапхана ісі» электронды бағдарламасына енгізу

1 оқырман

2

 Кітапхана кеңесінің жоспарын құрып, жаңадан құрамын сайлап бекіттіру

1 оқырман

3

 Жаңадан тіркелген оқырманды кітапхана ережесімен тұрақты таныстырып отыру

1 оқырман

4

  Жаңа оқу жылының оқулықтарын сыныптар бойынша тарату

1 сынып

5

Жоспар бойынша мәдени іс- шараларды өткізу

1 шара

6

Ашық есік күнін өткізу, кітапханаға саяхат

1 саяхат

7

Қарыз оқырмандармен жұмыс

1 оқырман

8

Оқырмандарды мерзімді басылымдарға жаздыру

1 оқырман

9

Өткен жылдың есебін жазу

1 есеп

10

Жылдық жоспар жасау

1 жоспар

 

ҮІІ. Ақпараттық – библиографиялық жұмыс

Жұмыстың атауы

Жұмыс көлемінің өлшемі

1

 «Анықтамалық әдебиеттер әлеміне саяхат» (ақпараттық сабақ)

Бір іс- шара

2

«Кітапхана визиткасы» (айына бір рет ауызша- жазбаша ақпарат беру)

Бір іс-шара

3

 Педагогикалық кеңес, директор жанындағы отырысқа қатысып отыру

Бір кеңес

 

ҮІІІ. Көпшілік  мәдени –шаралар

 

Жұмыстың атауы

 Жұмыс түрі

 

           Қыркүйек айы

 

1

 «Кітап сарқылмас байлық»

  Мектеп оқушыларын оқулықпен қамтамасыз ету

Кітапханашы

2

 «Бәсекеге қабілетті тіл – қазақ тілі» (Республикалық тілдер мерекесі)

 әңгіме шолу

«Жас ұлан» ұйымы

3

 «Кітапхана әлеміне саяхат»

 экскурсия

Кітапханашы

4

«Жаңалық жаршысы»

Мерзімді басылымдарды насихаттау

Кітапханашы

5

«Бір ел –бір кітап»  акция аясында

Тақырыптық шолу

Кітапханашы

 

 

 

 

 

 

 

Қазан айы

6

«Ұстаздан шәкірт озар»

әдеби-дастархан

Кітапханашы

7

Оқулықтардың тазалығын тексеру

рейд

Кітапханашы

8

«Кітаппен бірге жаңа әлемді ашамыз»

библиодесант

Кітапханашы

9

«Ертегілер еліне саяхат»

ертеңгілік

Кітапханашы, бастауыш сынып бірлестігі

 

 

 

 

 

Қараша айы

10

«Қызықты каникул кезінде» Күзгі демалысты ұйымдастыру

 әр –түрлі шаралар

Кітапханашы

11

«Денсаулығымызды күте білейік»

Денсаулық сағаты

Кітапханашы, медбике

12

«Менің сүйікті кітабым »

Тақырыптық сөре

Кітапханашы

13

 «Имандылық – инабаттылық айнасы»

Пікір сайыс

Кітапханашы

 

 

 

 

 

 

Желтоқсан айы

14

1- желтоқсан Тұңғыш Президент күні «Қазақ халқының көшбасшысы - Елбасы»

Кітап көрмесі, портрет кеші

Кітапханашы, «Жас ұлан» ұйымы

15

«Желтоқсан- тәуелсіздіктің белгісі»

Слайдты көрсетілім, дөңгелек үстел

Кітапханашы

16

«Жасөспірім, жаман әдеттерден аулақ бол!» (Темекі шегу, нашақорлық, ЖИТС)

Пайдалы кеңес сағаты

Кітапхана, медбике

17

«Ең қызықты, тартымды сәттер» (қысқы демалыс)

әр түрлі іс- шаралар

Кітапханашы

 

 

Буккросинг. Көрмені жаңалар тұру

Ай сайын

Көрме

Кітапханашы

 

Қаңтар айы

18

«Мектеп бітіруші түлек, заманға лайық мамандық таңдай білесіз бе?»  

сауалнама

Кітапханашы, психолог

19

«Мамандықтың бәрі жақсы таңдай білсең» 

Тақырыптық сөре

Кітапханашы

20

Ғ. Игенсартов 115 жыл «Жүрегінен жүйрік өлең бұлқынған»

Поэзия сағаты

Кітапханашы, қазақ тілі , әдебиет пәнінің мұғалімі

21

Бектұров Ж. 105 жыл «Қазақ әдебиет классиктерінің сарқыны»

Ауызша журнал

Кітапханашы

22

Елубаев С. 70 жаста «Қайсар қаламгер»  

Танымдық кеш

Кітапханашы, бастауыш сынып бірлестігі

23

Әуезов М. 120 жыл «Әуезов -әдебиетіміздің классигі»

Жазушы бенефисі

Кітапханашы

 

 

 

 

 

 

Ақпан айы

 

 

24

Попов Ю. 80 жыл «Өлкетану ізденістері»

Дөңгелек стол

Кітапханашы

25

«Білімпаздар әлемі»

Ойын –викторина

Кітапханашы

26

«Ауған алапаты»

Кітап көрмесі,тарихи шолу

Кітапханашы

27

«Кітаппен бірге жаңа әлемді ашамыз»

библиодесант

Кітапханашы

 

 

 

 

 

 

Наурыз айы

 

 

28

«Әйел әлемі»

әдеби-сазды қонақжай

Кітапханашы

29

«Төрле, Наурыз,салтанатты салтымыз! »  

Мерекелік сазды бағдарлама

Кітапханашы

30

Салықов К. 85 жыл «Жақсылығын жақсының жасырмайық»

Кітап талқылау

Кітапханашы

 

Сәуір айы

 

 

31

«Болашаққа нық сеніммен»

Мамандық таңдау сағаты

Кітапханашы

32

«Мамандықтың бәрі жақсы таңдай білсең»  

Тақырыптық сөре

Кітапханашы

33

Ерғобек Қ. «Балалар қаламгерлерінің қамқоршысы»

өмірбаяндық шолу

Кітапханашы

34

«Еңбек бәрін жеңбек» 

Тәрбие сағаты

Кітапханашы

35

Шаханов М. 75 жаста «Қайратын қанат еткен қаламына»

Жұлдызды досье

Кітапханашы

 

Мамыр айы

 

 

36

«Халықтар достығы мәңгілік»

әдеби кеш

Кітапханашы

37

7 мамыр Отан қорғаушылардың күні «Отан қорғау – азаматтық парыз»

Ерлік сағаты

Кітапханашы

38

«Қазақстанның әскери әлеуеті» Слайдты көрсетілім, жадынама

Слайдты көрсетілім, жадынама

Кітапханашы

39

Кітап – білімнің қайнар көзі

Оқулық жинау

Кітапханашы

40

Жылдық есеп

1 есеп

Кітапханашы

41

Жылдық жоспар

1 жоспар

Кітапханашы

Кітапханашы:   Байтина Э.У.

Просмотров: 1121


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст