"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы білім бөлімі Молодежное ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Молодежное отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Discovery-Borovoe"

9-12 қараша аралығында мен «Discovery-Borovoe» демалыс шипажайында демалыста болдым. «Discovery-Borovoe» келген бетте бізді кіре берісте шипажайдың қызметкерлері қарсы алды. Анықтама бөлімінде бірден барлық жағдайларды егжей-тегжейлі түсіндіріп, картама ақша салып берді.Сол карта арқылы барлық сауда жұмыстарын жүргізуге  және бөлменің есігінің құлпын ашуға болатынын түсіндірді. Әрин, карта біз үшін өте қолайлы болды. Біз үшінші корпустың 3032 бөлмесіне жайғастық .Бөлме жарық, кең демалушыларға барлық жағдайлар жасалған.Үлкен теледидар, үстел орындықтарымен, ыдыс-аяқтар және шағын тоңазытқыш орналастырылған. Тоңазытқыштың ішінде  шоколад кәмпиттер мен сусындар орналастырылған.Төсек жабдықтары, сүлгілер барлығы қардай аппақ, таза. Маған дәрігерлік медициналық орталықтары ұнады. Дәрігердің қабылдауында болғаннан кейін, ем-шараның кеңесін алып, ем қабылдауға кірістім. Емдік шаралардың ішінде маған ұнағаны уқалау орындығы мен жылытқыш капсула . Жылытқыш капсулада адам өзінің денесінің біртіндеп төменнен жоғары қарай жылына бастағанын сезесің. Бір ғимаратта емдік шаралар орталығы орналасса, екінші ғимаратта сумен сауықтыру түрлері орналасқан. Онда бассейн, джакузи, душ шарко, орыс моншасы, түрік хамамы, тұзды және шөпті монша орналасқан. Бұл сауықтыру орталығында тек қана, үлкендерге емес, сондай -ақ балаларға да жағдай жасалған.Балаларға әр түрлі ойын түрлері ұйымдастырылғын және қауіпсіздік шаралары қарастырылған.Дем алушылардың саны көп болғанымен еш жерде қалың топты кездестірмейсің, себебі барлығы түрлі сауықтыру орындарында жүреді.
Тек демалушылардың біразын асханада кездестіруге болады. .Олардың ішінде еңбектеген баладан бастап, еңкейген қартқа дейін кездестіруге болады.Менің қайран қалғаным осы орталықта 93 жасар әжейді кездестіру мен үшін күтпеген жағдай болды.Әжей моншасына түсіп келіп, рахаттанып шай ішіп отыр еді.Астанада келген екен шөбересімен.Бұл жердің тамағы өте дәмді, шәйләрі қою, ыстық ал нандары қандай..дәмді.Бір сөзбен айтқанда жоғары деңгейде. Иә, адам деген өте көп, бірақ ешқандай кезек күту жоқ.Жуынуға барсаң да, дәретханаға барсаң да барлық жағдай жасалған. Осының өзінде бос уақытың жоқ. Кешкі сағат 12-ге дейін, уақыттың зымырап қалай өтіп кеткенін де байқамай қалдық. 
Осындай жақсы демалыс сыйлаған, Зеренді білім бөлімінің кәсіподақ ұйымының төрайымы Дүисенова Ботагөз Байназарқызы мен Молодежный орта мектебінің басшысы Балгушукова Айслу  Күлниязқызына улкен рахмет айтқым келеді.
 
Игі тілекпен Молодежный орта мектебінің мұғалімі: Инкарова Б.А.
Жаңартылған күні: 25.11.2020 13:23
Құрылған күні: 25.11.2020 13:25

Текст