"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы білім бөлімі Молодежное ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Молодежное отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Әке туралы естеліктер... (АМИРГОЖИН ТЕМІРХАН)

Әке туралы естеліктер...

(АМИРГОЖИН ТЕМІРХАН)

 

Біздің әкеміз Амиргожин Темірхан, 1925 жылы 21 қыркүйекте Көкшетау облысы, Қазақстан ауылында дүниеге келген.

1941 жылы ол 16 жасқа толды. Майданға шақырылғанға дейін ол ауылда жұмыс істеген. 1943 жылы 3 ақпанда 18 жасында, Көкшетау аудандық әскери комиссариатымен майданға шақырылып, 579 атқыштар полкіне қабылданды. Ленинград майданының жауынгері, атқыштар полкінде қызмет еткен. Ленинград, Псков, Нарва үшін шайқастарға қатысты. Ленинградтық атқыштар полкінде 5790 м жерде ерлікпен шайқасты.

1945 жылы ақпанда ауыр шайқаста ол жараланып, эвакуация госпиталіне жіберілді. Ол жерде 1945 жылдың ақпанынан тамыз айына дейін болды. Майданнан үйге оралған Амиргожин Темірхан 1946 жылы Кеңес Одағы Коммунистік партиясының құрамына кірді, нағыз адал,  үлгілі  коммунист болды. Ол ауқатты отбасында дүниеге келсе де, ерте жастан қара жұмысты істеп үйренді. 1946 жылы Темірхан үйленіп, ауылда жұмысын жалғастырып, қоғамдық жұмыстармен айналысады. Содан кейін жаңадан құрылған Жастар совхозына кәсіподақ комитетінің төрағасы ретінде жұмысқа жіберілді. Қазақстанның әртүрлі аймақтарында бірнеше рет мамандандырудан өтті.

1956 жылы Темірхан Амиргожин тың жерлерді игеру құрметіне медальмен марапатталды. 1965 жылы Ұлы Жеңістің 20 жылдығына орай естелік медалімен марапатталған. 1977 жылы Ұлы Жеңістің 30 жылдығына орай естелік медалімен марапатталған.

Әкеміздің ұраны өмір бойы бәрін білуге ​​деген талпыныс болды: өмірлік дағдылар, мамандық. Ол балаларын өмір бойы оқуға шақырды және  отбасының үлкендігіне қарамастан, қолдан келген барлық жағыдайды жасады. Отбасымызда 8 бала еді.  Бізде, оның балаларында,  бәрі болды: әкесінің назары мен махаббаты, ата-анасының қамқорлығы.

Соғыстан кейін ол алдына мамандық алуды үлкен мақсат етіп қойды.  Жас жігіттің жастайынан білімге қызығушылық танытқаны соншалық, оның Қотыркөл ауылшаруашылық техникумына түсіп, өзінің туған ауылында есепші болып жұмысын бастағандығы кездейсоқ емес. Содан кейін ол Орталық ауылшаруашылық институтында экономика факультетінде оқуды жалғастырады. Өмірінің соңына дейін әкеміз жастар фермасының жоспарлау бөлімінде бас экономист болып жұмыс істеді. Ол керемет маман, сүйікті әке және күйеу, балаларына керемет үлгі болды.

Анамыз Утеулина Гайниджамалмен бірге 8 бала тәрбиелеп өсірді: 5 қыз, 3 ұл. Қазіргі уақытта біз бәріміз әртүрлі салаларда жұмыс істейміз: медицина, мәдениет, білім беру және т.б

Бұл соғысты, айырылуды, аштықты көре тұра,  аман қалған адамның өмір жолы. Ол совхозда жұмыс істеген кезде Темірхан адамдарға көп көмектесті, өйткені ол олардың өмірі туралы жақсы білетін. Оның есімі әрдайым жадымызда сақталады, адамдар әрқашан жылы сөзбен еске алады.

Ұлы Отан соғысының ардагері, әкемізді, еске алу біздің жадымызда әрдайым сақталады ... Бізге тыныштық, өмір сыйлаған олар, соғыс жылдарындағы қарапайым солдаттар! Біз бүгін әкелеріміздің арқасында өмір сүріп жатырмыз, балаларымыз бен немерелеріміз бақытты болып өседі, сол үшін қуанамыз!

Біз соғыс батырларын еске алуды ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыруымыз керек!

 

Балалары мен немерелері

Жаңартылған күні: 18.05.2020 11:23
Құрылған күні: 18.05.2020 11:23

Текст